Жамбыл облысында меншікті кірістер жоспары 117,6%-ға орындалды
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында өсім байқалады.
Негізігі 6 саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму динамикасын көрсететін қысқа мерзімді экономикалық индикатор үстіміздегі жылдың
қаңтар-тамыз айларының қорытындысымен 103,8%-ды құрады.
Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 104,3%-ды құрап, 308,7 млрд.теңгенің өнімі өндірілді (оның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде – 34,7 млрд.теңге (НКИ – 101,5%), өңдеу өнеркәсібінде – 231,0 млрд.теңге (105,7%)).
Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 103,9%-ды құрады (131,8 млрд. теңге), оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 105,2% (50,5 млрд. теңге) және мал шаруашылығында – 103,1% (81,0 млрд. теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,3%-ға артты (166,6 млрд.теңге).
Құрылыс көлемі 62,8 млрд. теңгені құрап, 2,5%-ға өсті.
Тұрғын үй құрылысында 333,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (бұл 2018 жылдың тиісті кезеңіне 107,3%).
Бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі 105,1%-ды құрады (189,1 млрд. теңге).
Жүк айналымы 5,0%-ға, жолаушылар айналымы - 5,1%-ға өсті.
Инфляция деңгейі жыл басынан (2018 жылғы желтоқсанға қарағанда) 3,0% деңгейінде қалыптасты (ҚР – 3,0%)). Азық-түлік тауарларға тұтыну бағасы 6,0%-ға (ҚР – 6,1%), азық-түлік емес тауарлар – 2,7%-ға (ҚР – 2,9%) артты, ақылы қызметтер - 0,6%-ға (ҚР – 0,6%-ға) төмендеді.
Айлық инфляция 2019 жылғы шілдеде 0,4% құрады (ҚР – 0,2%).
Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2019 жылдың 1 тоқсанында 66361 теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы көріністе 14,0%-ға, нақты – 8,5%-ға артты.
Орташа айлық атаулы жалақы 2019 жылдың 2 тоқсанында 126,5 мың теңгені құрап, атаулы көріністе 13,7%-ға, нақты - 8,2%-ға өсті.
Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың 2 тоқсанында 4,8%-ды құрады. 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында облыс бюджетінің кірістері 203,4 млрд. теңгеге немесе 103,4%-ға орындалды.
Меншікті кірістер жоспары 44,4 млрд. теңгеге (жоспар 37,8 млрд. теңге) немесе 117,6%-ға орындалып, бюджетке 6,6 млрд. теңге жоспардан артығымен түсті, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өсім 114,2%-ды құрады (+ 5 млрд. 516,9 млн.тг).
Жалпы облыс бойынша бюджеттік қаражаттар 210,8 млрд. теңгеге немесе 98,6%-ға игерілген, игерілмегені – 2,9 млрд. теңге (2018 жылдың 1 қыркүйегіне – 98,0%, игерілмегені – 3,5 млрд. теңге).