Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысы, Байзақ ауданында "Бөрте" балабақшасы ел игілігіне берілді

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2019 20:37 пресс-служба
Елбасы 2020 жылы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажеттігін тапсырғаны белгілі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажеттігін тапсырғаны белгілі.

Жаңатұрмыс ауылдық округінде орналасқан Жібек жолы ауылында мемлекеттік тапсырыс аясында жекеменшік “Бөрте” бөбекжай – бақшасы ел игілігіне берілді. Бүлдіршіндер мен ата-аналарды қуанышқа бөлеген салтанатқа Байзақ ауданының әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, өзінің ізгі тілегін көпшілікке білдірді.

Байзақ ауданының әкімі Нұржан Молдиярұлы соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар нәтижесінде мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында ауданда он алтыншы балабақшаның ашылып отырғанын, нәтижесінде ауданда 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға қол жеткізілгенін айтты. Барша ауыл тұрғындарын айтулы қуаныштарымен құттықтап, жеке кәсіпкер Лаззат Жабатаеваға шын жүректен ризашылығын жеткізді.

Елбасы 2020 жылы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажеттігін тапсырғаны белгілі. Осыған орай, бүгінде мемлекет пен жекеменшік әріптестік негізінде балабақшалар ашылуда. Яғни, кәсіпкерлер мемлекет жасаған мүмкіндікті жібермей, “Балапан” бағдарламасын жандандыруға ден қоюда.

Тұрғындар атынан сөз алған ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Бейсен Жүзгенбаев болашақ ұрпақтың тәрбиесі алдымен балабақшадан басталатынын алға тартып, жеке кәсіпкердің ауыл бүлдіршіндерін қолдаудағы қадамына сәттілік, сондай-ақ алдағы жұмысынан тек береке табуын тіледі.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары да кереметтей балабақша салып, салтанатты шарамен тұсауын кесіп берген жеке кәсіпкер Лаззат Жабатаеваға алғыстарын білдірді.

100 орындық қос қабатты жаңа ғимараттың керме лентасын ақсақалдар алқасының төрағасы Бейсен Жүзгенбаев пен еңбек ардагері Жұмабай Нұрадилов қиып, игі тілектерімен бөлісті. Жаңа қонысты аралап көрген үлкен – кіші осынау бүлдіршіндер үшін үлкен сый болған іске бек ризашылықтарын білдіріп жатты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: