Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысының жеке қосалқы шаруашылықтарын қолдау бойынша пилоттық жоба талқыланды

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2019 19:00 пресс-служба
Өздеріңіз білесіздер, біздің алдымызда қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, өмір сапасын жақсарту міндеті тұр.

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында ауылдарда жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау арқылы Жамбыл облысының тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру жолдары қаралды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған пилоттық жоба бойынша тапсырмаларын іске асыру тетігін әзірлеу бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Р. Құрманов, сондай-ақ, ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев баяндады.

Жоба келесі бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қарастырады: өсімдік шаруашылығы, мал және құс шаруашылығын дамыту үшін үй іргесіндегі телімдерді тиімді пайдалану, сондай-ақ, елді мекендерден тыс жерлерде әр ауыл тұрғынына тиесілі жер ресурстарын тиімді пайдалану; әр ауылдық округте қажетті техника, құрал-жабдықтармен және айналым қаражаттарымен кооператив құру.

Пилоттық жобаны іске асыруға 2020 жылдың соңына дейін игеру кезеңімен шамамен 46,4 млрд теңге қажет. Биыл бастапқы кезеңде облыстың 10 ауданының 10 ауылдық округіне 7,2 млрд теңге қажет, оларды 2459 шағын несие беруге, оның ішінде 492 стартап-жобаға беруге бағыттау көзделген. Шағын несиелерді ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда соңғы қарыз алушыға жылдық 2,5% және 7 жылдан аспайтын мерзімге беру жоспарлануда.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Еңбек" Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 0,01% мөлшерлемемен облыс әкімдігіне бюджеттік несие беруді ұсынады. Әкімдік, өз кезегінде, сенімді агентті тартумен халыққа одан әрі несие беруді жүзеге асырады. Бұл ретте "Тараз" ӘКК сенімді агент ретінде әрекет етеді және соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі 2,5% құрайды.

- Өздеріңіз білесіздер, біздің алдымызда қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, өмір сапасын жақсарту міндеті тұр. Азаматтарға өздерінің кәсіпкерлік бастамаларын іске асыруға, несиелерді оңай алуға, отбасылық бизнес жүргізуге барлық мүмкіндіктерді жасауымыз қажет. Шағын несие беру жай ғана аз пайызбен ақша тарату болмауы керек. Жобаны іске асыру кезінде қарыз ақшаны қайтаруға қатаң бақылау болуы қажет, - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне қыркүйек айының соңына дейін пилоттық жобаны іске асыру тетігін қарауға енгізіп, сондай-ақ жарияланған көрсеткіштерге уақытылы қол жеткізудің тиісті бақылауын қамтамасыз етуді тапсырды.

- Келесі жылы пилоттық жобаны іске асыру қорытындысын шығарамыз, - деп түйіндеді премьер-министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: