Жаңалықтар тізбегі
0

Халықтың тұрмысын жақсартатын жоба Жамбылда жүзеге асады

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2019 19:05 пресс-служба
Пилоттық ауылдық округтерде қосалқы шаруашылықтан бөлек 137 шағын жобалардың тізімі жасақталып, жүзеге асырудың жол-жобасы бекітілген.

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметов, қарапайым заттар экономикасын дамыту бағытындағы үй іргесіндегі шаруашылықты жаңғырту бойынша жобасын Үкіметке ұсынды.

Асқар Исабекұлы Үкімет басшысына алғашқы кезеңде атқарылар жұмыстарды жан-жақты ақпарлады. Он ауылдық округ бойынша 7 мыңнан астам аула қамтылады десек, онда 1117 гектар үй іргесіндегі жерлер бар. Шара барысында сол жерлерді ұтымды ұқсатудың жолдары нақты жүзеге аспақ. Бау-бақшалықтың тиімділігін еселеуде жылыжайлардың, мал шаруашылығын көтеруде кооперативтердің маңыздылығы ескерілген.

Сондай-ақ, ол үшін сапалы тұқым, көшет, тыңайтқыштарды тауып, жеткізіп беру, тіпті, тапшы техника мен қажетті мамандармен қамту мәселесі де оңынан тарқатылмақ. Айта кетейік, зерделеу барысында мұндағы әр ауылдық округтың табиғаты, жері, суы ескерілген. Нақты нәтижеде өнімділіктің 2-4 есе өсіміне қол жеткізу жоспарланған. Пилоттық ауылдық округтерде қосалқы шаруашылықтан бөлек 137 шағын жобалардың тізімі жасақталып, жүзеге асырудың жол-жобасы бекітілген.

Өңір басшысы жобаны қаржыландыру шарасы әкімдікке кредит беру жүйесімен "Еңбек" бағдарламасы аясында іске асыру ұсынылатынын айтып, әкімдік, ары қарай сенім Агенті арқылы 2,5 пайыздық несие ретінде тұрғындарды, кооперативтерді қаржыландыратынын жеткізді. Бүгінде несие алушылардың алғашқы базасы түзіліп үлгерілген.

Жалпы, он ауылдық округ бойынша жобалардың іске асуымен 7 мың отбасы немесе 35 мың адам келесі жылдың қорытындысымен айына кемінде 104 мың теңге (өсім 2,5 есе) табыспен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. 2229 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар міндетті зейнетақы, салық және басқа да төлемдерді төлейтін кәсіпкерлерге айналмақ.

- Біз Жобаны іске асыруға дайынбыз. Әкімдікке қатысты барлық ұйымдастыру пысықталған. Соның ішінде бюджеттік әкімші болатын ауыл шаруашылық басқармасының штаттық саны 18 қызметкерге көбейтілді. Аудан, ауыл әкімдерінің арнайы жұмыс алгоритімі бекітілді, тиісті жұмыс топтары құрылды және жауапты мамандар оқытылды. Пилоттық ауыл округтерінде бірнеше кездесулер өткізіліп, кооператив төрағалары анықталды, - деді өз сөзінде облыс басшысы Асқар Мырзахметов.

Өз кезегінде Премьер-Министр Асқар Мамин бұл жобаның маңыздылығын атап өтіп, қолдайтынын білдіріп, тиісті шешімдердің дер кезінде рәсімделуін назарға алатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға пилоттық жобаның механизмін ұйымдастыруды тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: