Жаңалықтар тізбегі
0

Тараз қаласында трансфузиялық медицинаның даму мәселесі талқыланды

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2019 23:25 пресс-служба
Іс-шара барысында үш бағыт бойынша секциялар жұмысы қарастырылған: клиникалық трансфузиология, өндірістік трансфузиологияның өзекті мәселелері, қан қызметіндегі ақпараттық технологиялар және трансфузиялық медицинадағы зертханалық диагностикасы.

Тараз қаласында Қазақстанның ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен “Трансфузиялық медицинаның өзекті мәселелері” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және коммерциялық Денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері, Ресей, Украина, Белоруссия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдерден Трансфузиология саласындағы сарапшылар қатысады, сонын ішінде: профессорлар, медицина ғылымдарының докторлары, федералды мемлекетті-бюджеттік мекемесі “Н. И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығының” Трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының меңгерушісі Жибурт Евгений Борисович; “Н. И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығының” медицина ғылымдарының кандидаты Мадзаев Сергей Русланович; Симарова Ирина Борисовна №52 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер анестезиолог-реаниматологы; докторант, медицина ғылымдарының кандидаты Вадим Владимирович; “Республикалық қан орталығының” бас дәрігері Чупрова Валентина Александровна; “Республикалық қан орталығының” директор орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Сатыбалдиева Айганыш Бақыбайқызы.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы “Еуразиялық Медициналық Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі және Жамбыл облыстық қан орталығы.

Бүгінде Қазақстанда қан қызметі мәселелеріне мемлекет басым көңіл аударып отыр. Қызметті жүйелі реформалау нәтижесінде елде аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейтін 18 қан орталығы бар. Донорлық қанды трансфузиялық инфекцияларға скринингтің ұлттық стандарты әзірленді, ол қатаң талаптарды белгілейді олар: екі кезеңді скрининг жүргізу (ИФТ+ПТР) және толық автоматтандырылған талдағыштарды пайдалануы. Барлық посткеңестік ел ауқымында мұндай стандарт тек Қазақстанда ғана қолданылады.Беделді шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстанның қан қызметі еуропа елдерінің қан қызметтеріне жол бермей, өз дамуында әсерлі нәтижелерге қол жеткізді.

Конференция жұмысы шеңберінде қан компоненттерін дайындау, донорлық қанды тестілеу; гемотрансфузия қауіпсіздігін қамтамасыз ету; дәлелдемелерге негізделген донорлық қан компоненттерін қолдану; қан қызметіндегі процестерді ақпараттандыру; қан жүйесінің онкологиялық аурулары кезінде донорлық тіркеу және дің жасушаларын трансплантациялау сияқты мәселелер талқыланады.
Халықаралық конференция қан қызметінің инновациялық бағыттарында тәжірибе алмасуда, қолданбалы зерттеулер мен донорлық қан құю саласында үздік тәжірибені енгізуде, жаңа іскерлік мүмкіндіктерді дамыту және перспективаларды талдау орнына қызмет ететінін атап өткен жөн.

Іс-шара барысында үш бағыт бойынша секциялар жұмысы қарастырылған: клиникалық трансфузиология, өндірістік трансфузиологияның өзекті мәселелері, қан қызметіндегі ақпараттық технологиялар және трансфузиялық медицинадағы зертханалық диагностикасы.

Халықаралық конференцияның кең ауқымды ғылыми бағдарламасы 30-дан астам баяндама қазақстандық мамандарға трансфузиялық медицина саласындағы көптеген қызықты хабарламаларды тыңдауға және түрлі жағдайларды талқылауға мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: