Жаңалықтар тізбегі
0

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы шараларға 500 мыңнан астам адам қамтылды

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2019 19:02 Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ағымдағы жылдың 8 айында Департаментпен 72 қылмыс тіркелген, оның 59-ы сыбайлас жемқорлық қылмыстары, 31-і ауыр және аса ауыр қылмыстар.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыс көлемінде 500 мыңнан астам адамды қамтыған 2500-ге жуық түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде 592-сі – түсіндіру жұмыстары, 1908-і – білім беру ұйымдарындағы бірыңғай сағаттар. Бұл туралы журналистер мен өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы мәлімдеді.

- Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде жемқорлық көріністеріне жол бермеу бағытында 2 Жоғары оқу орны мен 31 мемлекеттік және 35 жекеменшік колледжде "Саналы ұрпақ" Жобалық кеңсесі мен облыста орналасқан барлық 903 мектепте "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтары жұмыс жасап жатыр. Бұдан басқа сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау соңғы 8 ай ішінде 5 мекеме қызметіне, оның ішінде адами әлеуетті дамыту басқармасына, облыстық Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаментіне, облыстық және қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен бөліміне, Мемлекетік кірістер Департаментінің кеден блогына жүргізіліп, талдау қорытындысы бойынша енгізілген барлық 84 ұсыныстар орындалды, – деді Ғ. Асанұлы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2019 19:02

- Ағымдағы жылдың 8 айында Департаментпен 72 қылмыс тіркелген, оның 59-ы сыбайлас жемқорлық қылмыстары, 31-і ауыр және аса ауыр қылмыстар. Атап айтсақ, парақорлық бойынша – 37, жүйелі қылмыстар – 2, облыстық деңгейдегі лауазымды тұлға – 2, мемлекеттік бағдарлама – 8, шағын кәсіпкерлікке заңсыз араласу бойынша – 14 құқықбұзушылық деректері анықталған, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Жедел басқармасының басшысы С.Пірметов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2019 19:02

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Тергеу басқармасының басшысы Ж.Сәрсенбек сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды сотқа дейінгі тергеу бойынша 8 айда Департаменттің өндірісінде болған жалпы 254 қылмыстық істің, 172-сі өндіріспен аяқталып, оның 58-і айыптау актісімен сот қарауына жолданғанын мәлімдеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: