Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Мырзахметов Байзақ ауданында жұмыс сапарымен болды

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 20:12 пресс-служба
Қостөбеліктер жоба шарты бойынша аулаларына екі айналым бойынша өнім алудың бар мүмкіндігін қарастыруды көздеп отыр.

Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыруға арналған – жоба шын мәнінде халықтың әл-ауқатын көтерудің таптырмас тетігі. Өйткені, бірегей бастама арқылы ерінбей еңбек еткендер тұмысын тіктеп, жай-күйін жақсартпақ. Содан болар, жобаның жүзеге асуына жергілікті халық та бейіл. Әу бастағы күдіктері сейіліп, сенімге бекінген. Оң түсінік қалыптасып, ойлаған жоба-жоспарларын орындауға асық. Оған аймақ басшысының Байзақ ауданына жасаған жұмыс сапары барысында көз жеткіздік.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Байзақ ауданына жұмыс сапары Қостөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуден басталды. Қостөбе – облыс тұрғындарының тұрмыс табысын арттыруғ а арналған жобаға енген пилоттық 10 ауылдық округтің бірі. Ауылдық округке үш елді мекен қарайды. Ондағы 1222 аулада барлығы 6710 тұрғын тұрады.

Аталған ауқымды жоба бойынша қостөбеліктер шаруасын шалқытып, тұрмысын тіктеуге дайын. Бүгінде жобаның бірінші бағыт – жеке қосалқы шаруашылықты дамыту бойынша 832 аула тиімді несиеге қол жеткізуге ниет білдірген. Бұл аулалардағы жалпы жер көлемі 85,7 гектарды құрайды. Қазіргі таңда қажетті құжаттар барысы жинақталып, өтінімдер түсуде екен. Қалған аулалардың басым бөлігі бұған дейін де үй іргесіндегі жерлерін ұтымды ұқсатып, бау-бақша ретінде табыс көзіне айналдырып отырғаны белгілі болды.

Қостөбеліктер жоба шарты бойынша аулаларына екі айналым бойынша өнім алудың бар мүмкіндігін қарастыруды көздеп отыр. Олар негізінен қияр мен қызынақ егуді жоспарлауда. Сондай-ақ, ауылдағы төрт аула жылыжай арқылы өнім көлемін еселеп арттыруды ойластырып қойыпты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 20:12

Ол ғана емес, екінші бағыт – мал шаруашылығы бойынша ауылдан жобаға 137 қатысушы анықталып, құжаттары түгенделуде. Жоба аясында округте барлық саланы қамту бағытында "Қостөбе-2019" копоротиві құрылған. Құрылым бүгінде ауыл сыртындағы жерлерді тиімді игеру, жем-шөп даярлау, техникамен қамту бойынша жұмыстар жоспарын әзірлеуде.

Кездесуде ауыл тұрғындары көкейдегі көп сауалдарын жолдап, жоспарларымен бөлісті. Аймақ басшысы сұрақтарға нақты жауаптар беріп, жобаның маңыздылығы туралы баса айтып өтті.
Тұрғындармен кездесуден кейін Асқар Исабекұлы Қостөбе орта мектебіне барып, онда қосымша ғимарат салу секілді өзекті мәселелер барысымен танысты.

Айта кетейік, 450-ден аса оқушысы бар Қостөбе орта мектебіне жанама спорт зал, акт зал, асхана және 3 оқу бөлмесі, газбен жанатын қазандық ғимаратын салу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оған жергілікті бюджеттен 8,1 млн. теңгеге "Күмбез Тас" ЖШС-і арқылы жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалған. Бастапқыда жоба құны 601,2 миллион теңгені құраса, қазіргі таңда аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан жоба құны 388,6 млн. теңгеге ықшамдалып, облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылған. Асқар Исабекұлының мәселенің өзектілігіне назар аударып, құрылыс шараларын уақты созбай бастауды тапсырды.

Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Сарыкемер ауылдық округіндегі жеке тұрғын үй құрылысына жоспарланған суармалы жер алқабымен танысты. Ауылдық округте бүгінгі таңда халық санының қарқынды өсуіне байланысты округке қосымша жер қажеттігі сезілуде. Елді- мекен шегін кеңейтуге қажетті алқап көлемі 150 гектарды құрайды.
Бүгінде Сарыкемер елді - мекенінің бас жоспарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынатын 15 шаруа қожалыққа қарасты 67 гектар жерді мемлекет мұқтажына алу үшін тиісті жұмыстар жүргізілген. Өңір басшысы аталған алқаптың суармалы екенін ескеріп, бұл мәселенің қайта жан-жақты қаралатынын жеткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: