Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Мырзахметов Жуалыға жұмыс сапарымен барды

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 20:30 пресс-служба
Ауылдық округте барлығы 494 аула бар болса, жалпы көлемі 78 гектар болатын үй іргесіндегі жер тіркелген.

Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру жобасы үкіметте қолдау тапқаннан кейін бірден өңірімізде іске асыру тетіктері нақтылана түсуде. Бұған дейін сан рет сараланып, барлық жүйесі бекітілген жобаның жай-жапсары тиісті құзырлы орындармен келісіліп, бекітілді. Енді тек сөзден - іске көшіп, қашетті шараларды уақытылы атқару керек.

Айта кетейік, бұл бастаманың басқа өңірлерде баламасы жоқ. Сондықтан да бұл алдымен біздің облыстың он ауданының бір-бір ауылдық округтерінде пилоттық режимде орындалмақ. Ал, аталмыш ауылдықтар оған сақадай сай ма? Осы орайда облыс әкімі Асқар Мырзахметов аудандарға арнайы барып, таңдалған ауылдардың тұрғындарымен кездесіп, дайындық барысын тағы бір пысықтауда. Алдымен Жамбыл ауданынан басталған аймақ басшысының жұмыс сапары Жуалыда жалғасты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 20:30

Асқар Исабекұлы аудандағы жұмыс сапарын Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуден бастады. Онда тұрғындардың табысын арттыру жобасын жүзеге асыру барысы талқыланды. Айта кетейік, Ақтөбе - аталмыш пилоттық жобаға енген облыстағы он ауылдық округтің бірі.

Ауылдық округте барлығы 494 аула бар болса, жалпы көлемі 78 гектар болатын үй іргесіндегі жер тіркелген. Жобаның бірінші бағыты бойынша, осы жердің тиімділігін арттыру - басты талап. Ақтөбеліктердің дені жоба аясында жеке қосалқы шаруашылықтарындағы жерлеріне картоп егуге дайын. Сондай-ақ, қорадағы малдардың өнімділігін еселеуге де ынталы екен. Десе де, олар жоба аясындағы тиімді несиені алуда кейбір кедергілдердің туындауынын мәнісін сұрады. Облыс әкімі бұл жобаның негізгі мақсаты жаппай тұрғындарды қамту екенін қайталап айтып, әрбір ауылдықтардың несиеге қол жеткізуі үшін барлық жеңілдіктер мен қолайлылықтар жасалынатынын жеткізді.

Кездесуден соң өңір басшысы Түктібай ауылында орналасқан "Төлеген" шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Қожалық бүгінде мал шаруашылығымен айналысып отыр. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы шаруасын шалқытуда. Жуырда ғана Чехия мемлекетінен сатып алып келген 64 бас сүтті әрі етті бағытындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара Жамбыл өңірін жатсынбапты. Оның себебі, ірі қараның бұл түрі әу баста қазақ жерінен тараған екен. Аталмыш сиырлар тәулігіне 25 лиртрге дейін сүт берсе, оның майлылығы 5,4 пайызға дейін көрсеткішті құрайды. Асқар Исабекұлы осынау пайдасы көл-көсір асыл тұқымды бұл төрттүліктің тұқымын өзімізде де көбейтудің жолдарын қарастыруды тапсырды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 20:30

Жуалы ауданындағы "Злиха" шаруа қожалығы картоп өсірумен айналысатын іргелі құрылым ретінде танымал. Бүгінде қожалық жетекшісі 156 гектар алқапқа картоп егіп, оны жинау үстінде. Құрылым 50 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын енгізген. Сондай-ақ, сыйымдылығы 600 тонна жеміс-жидек және 1200 тонна картоп сақтау алатын қоймалары бар. Ол ғана емес, картопты қоймаға жеткізу, қоймадан сыртқа сұрыптап шығаруға арналған жаңа технологиямен жабдықталыпты. Өз кезегінде өңір басшысы жуалы өңірінің картоп егуге бейім екенін тілге тиек етіп, шаруа қожалық аумағынан картоп өнімдерін өндіру ісін қолға алудың маңыздылғына тоқталды. Ол бойынша жауапты тұлғаларға зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Асқар Исабекұлының аудандағы жұмыс сапары – "Қараалма" тау-шаңғы базасымен түйінделді. Аталмыш кешеннің құрылыс барысын барлаған өңір басшысы барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын баса айтты.

Бүгінде тау-шаңғы базасында жұмыстардың дені аяқталған. Қажетті инфрақұрылымдар – жол, ауыз су, газ құбыры және электр қуатын тарту жұмыстары толығымен орындалған. Ауылға кіреберістен тау бөктеріне дейін көсілген кең жолақты автожолдың құрылысы да аяқталғанына аз болған жоқ. Тікелей база орналасатын тау бөктерінде қызмет көрсету сервисі, коттедждер қалашығы бой көтеруде. Аспалы жол құрылысына қажетті қондырғылар Австрия елінен жеткізілген. Енді аспалы жолды монтаждау, орнату шараларын Россия елінен келген білікті мамандар жүргізбек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: