Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Мырзахметов Талас ауданына жұмыс сапарымен барды

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 20:42 пресс-служба
Тұрғындармен кездесуден соң облыс басшысы Үшарал ауылындағы Ә.Сағынтаев атындағы орта мектепке атбасын бұрды.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Талас ауданындағы жұмыс сапарымен барды. Алдымен өңір басшысы аудандағы Ақбас" шаруа қожалығында болып, ондағы оң жұмыстарға жақсы бағасын.

Төрт түліктің барлық түрін өсіріп отырған шаруа қожалықтың шырайы келісіп-ақ тұр. Мал өнімділігін арттыру үшін барлық тиімділіктерді кәдеге асырып отырған құрылым өзінің жайылым өрісін сумен қамтуға мемлекеттен сәл демеу болса дейді. Мақсаты – құдық қазу. Айта кетейік, ондай әр құдықты қазуға шамамен 6 миллиондай қаражат кетеді десек, Талас ауданында бүгінде 150 құдық қазу қажеттілігі сезілуде екен.

Жалпы 900 миллион теңге қаржы керек. Бұл бір ғана аудандағы көрсеткіш. Асқар Исабекұлы осыған назар аудартып, қаржыны тиімді жұмсау жолына көңіл бөлді. Ол үшін өңірімізде құрылған механикалық жасаққа арнайы техникаларды алып беріп, соның есебінен құдық қазуды жүргізудің маңыздылығына тоқталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 20:42

Бұдан соң облыс әкімі Үшарал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Басқосуда аймақ басшысына облыс халқының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар барысы баяндалды.

Ауқымды жобаның алғашқы кезеңі бойынша пилоттық негізге таңдалынып алынған он ауылдық округтің біріне саналатын Үшаралға аумақтағы үш елді мекен қарайды. Ондағы 326 аулада 2207 адам тұрады.

Округтағы бұл 326 ауланың үй іргесіндегі жер көлемі 44,17 гектарға тең. Оның ішінде толық сумен қамтылғаны 22,34 гектар болса, 21,8 гектары судың жоқтығынан пайдаланусыз жатыр. Осы орайда жобаның алғашқы бағыты бойынша 261 аула өтінім берген. Олардың дені көкөніс түрлерін өсіруге ниетті. Қарбыз мен қауын егіп, табысқа кеңелем деушілер де жоқ емес. Асқар Исабекұлы мүмкіндігінше округтегі барлық аула-тұрғындарын жобаға тарту керектігін баса айтты. Су мәселесін де жоба аясында шешуді тапсырды.

Аталмыш ауылда мал шаруашылығы бойынша да төрт түлігін еселеп, өнімділікті арттыруға ниеттеніп отырғандар аз емес. Олардың саны – 246 аула. Бүгінде бұл бағытта "Тараз" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына барлығы 26 өтінім түссе, оның 15-інің құжаттары қабылданған. Ал, 11 өтінімнің құжаттары қайта қаралуға жіберілген. Өңір басшысы, жобаның екінші бағыты – мал шаруашылығымен айналысам деушілердің қарасы қалың екендігін тілге тиек етіп, ата-кәсіпті жандандырып, тұрмысын түзегісі келетіндердің салын суға кетірмеуге аса көңіл бөлді. Алайда түгел бір бағытта емес, қосалқы шаруашылықты жан-жақты табыс көзіне айналдыру керектігін ескертті. Сондай-ақ, бұл пилоттық жоба өңірдегі он ауылда жемісті жүзеге асса, облыстың барлық округтерінде, одан кейін ел көлемінде қолға алынатынын жеткізіп, алғашқы кезеннің жауапкершілігін сезіндірді. Тұрғындар да өз кезегінде жобаның ауыл болашағы үшін баянды бастама болып отырғанын айтты. Олардың арасында бүгінде қосалқы шаруашылық тиімді табыс көзіне айналдырып, екі айналымда өнім алып отырғанын, өзгелерге тәжірибесімен бөлісуге дайын екендіктерін білдірді. Жұртшылық бүгінде жобаның барысын жете түсініп, әу бастағы күдіктен толықтай арылған.

Жұмыла жұмыс жасауға дайын.

Тұрғындармен кездесуден соң облыс басшысы Үшарал ауылындағы Ә.Сағынтаев атындағы орта мектепке атбасын бұрды. 1980 жылы пайдалануға берілген білім ордасы 2014 жылы есік-терезе, едені бойынша күрделі жөндеуден өтсе, 2017 жылы ғимаратының "Д", "В" блогы және мектеп айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Бүгінде онда 255 оқушы білім алуда. Аудандағы сапары барысында өңір басшысы Үшарал ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылысты мердігер "Корпорация ЖилСтрой-Тараз" ЖШС-і жүргізуде. Жобалық құны 246,1 миллион теңгені құрайды. Бір мезетте 42 спортшыны қабылдауға қауқарлы екі қабатты спорт кешенінде үлкен ойын залы, таэквандо, күрес залдары, тамбур, вестибюль, инструкторлар бөлмесі орналасқан. Нысан облыстың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында пайдалануға берілмек.

Облыс әкімінің Талас ауданындағы жұмыс сапары Ақкөл ауылдық округінде орналасқан "Бекен" шаруа қожалығында түйінделді. Аталған шаруа қожалықтың құрылғанына отыз жылға жуықтаған. Осы жылдар ішінде шаруасын барынша шалқытуға күш салған.

Бүгінде мал шаруашылығы және егіншілікпен қатар айналысып отырған шаруа қожалық төрт түлігін өрбітіп, егістік алқабын жайқалтып отыр. Өздеріне қажетті техникалары да түгел. 8 адамды тұрақты, 25 адамды маусымдық жұмыспен қамтыған қожалық оларға орташа есеппен 75 мың айлық жалақы төлеуде. Бүгінде қызылша, картоп, сәбіз, пияз, жержаңғақ өсіруде. Биыл алғаш рет сынама ретінде екі гектар аумаққа жержаңғақ өсіруді қолға алған қожалық иесі Нұржаппар Исахметов бұршақ тұқымдасына жататын бұл майлы дақылкөлемін келер жылдан бастап кеңейтуге ниеттеніп отырғанын тілге тиек етті. Асқар Исабекұлы жержаңғақ өсірудің шығыны мен табысын зерделеп, тиісінше жеке қосалқы шаруашылықтарда да өсіруді ұйымдастыру керектігін баса айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: