Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Мырзахметов Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барды

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 19:03 пресс-служба
Пилоттық он ауылдық округтің бірі саналатын байқадамдықтар бұл таңдау өздеріне бұйырған бақ деп түсінеді.

Облыс тұрғындарының тұрмыс табысын жақсарту жобасы – ауылдықтарға берілген үлкен мүмкіндік. Иә, бұл туралы бұған дейін де аз айтылған жоқ. Облыс басшысы Асқар Исабекұлының идеясынан туындап, сан рет сараланып, талай рет талданып, мың мәрте есептеліп - екшелген жобаның берер жемісі даусыз. Алайда, арық айтып, семіз шығу – талап.

Президент қолдап, Үкімет мақұлдаған жобаны жұмыла жүзеге асыру – мерейлі міндет болса, жауапкершілік жүгі одан да батпан. Осыны жете сезінген аймақ басшысы пилоттық режимге енген өңірдегі он ауылдық округті өзі қайтара аралауда. Мақсат – ой жеткенге көз жететінін ұғындарып, қараша халықпен тік тұрып тілдесіп, тікелей түсінісу. Мұндағы бар пейнет тұрғындар игілігі үшін десек, бүгінде әу бастағы күмән-күдіктерінен сейілген ауылдықтар аталмыш бастама аясында тіршіліктерін тіктеуге асық. Бұрын-соңды дәл мұндай жаппай қолдау, айтарлықтай жеңілдікке ие болып көрмеген қараша халық беріліп отырған мүмкіндікті мүлт жіберіп алғысы келмейді. Оған аймақ басшысының Сарысу ауданындағы Байқадам ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде көз жеткіздік.

Пилоттық он ауылдық округтің бірі саналатын байқадамдықтар бұл таңдау өздеріне бұйырған бақ деп түсінеді. Дегенмен, толайым табыс – табандылықпен бітетінін жақсы білетін ауылдықтар аянып қалмақ емес. 2,5 пайыздық несиемен несібелерін арттыруды көздеп отырған олар талмай тер төгіп, айтарлықтай табысқа кеңелуге дайын.

Айта кетейік, округке қарасты Саудакент ауылында 984 аула, 6006 халық тұрады десек, аталмыш жобадан түгел тұрғын хабардар. Облыс, аудан, ауыл әкімдіктерінен жауаптылар түсіндіру жұмыстары, кездесу жиындардан кенде қылмапты. Бүгінде бірінші бағыт бойынша округтің 848 ауласы сумен қамтылған десек, үй іргесіндегі жерін ұтымды ұқсатып, табысын еселеу үшін олар несие алуға деген ұсыныстарын түсіре бастаған. Сумен қамтылмаған 136 шарбақ үшін құдық қазылып, жобаға аулаларды жаппай тартуға бар жағдай жасалмақ. Жерін қопсытып, екі айналымда көкөніс егіп, мол өнім алуға талпынып отырғандар аз емес десек, жылыжай салып, қысы-жазы тартынбай тірлік етіп, табыс табам деушілер де бар екен. Қазіргі таңда 30 отбасыға тиесілі жалпы 150 соттық жерді жылыжайға айналдыру жоспарлануда.

Екінші бағыт негізінде төрт түлік алып тасымды төрге оздырсам деп талпынып отырған 634 аула анықталса, олардан жалпы 7273 бас мал сатып алуға өтінім түскен. Қалғандарында бұған дейін де мал басы жеткілікті болған десек, бірқатары қолдағы малын еселеп, өнімділікті арттыруға бел буған. Жалпы, қос бағыт бойынша өнімдімлікті арттыру, өткеру жолындағы түрлі мәселелерді шешу барысын өз мойнына алатын «Саудакент 2019» өндірістік кооперативі құрылған. Арнайы агрономның жұмысы да ұйымдастырылмақ. Жобаның бес бағыты аясында да ауылдықтар үшін қолға алынған жұмыстар өз жемісін беруде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 19:03

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 19:03

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: