Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында көпірлер күрделі жөндеуден өтуде

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2019 23:12 Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бүгінгі таңда, бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін 11 көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленген.

Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 412 көпір орналасқан. Қазіргі таңда көпірлердің техникалық жағдайына қарай жөндеуді қажет ететін көпірлерге сметалық құжаттамалар әзірленіп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда, бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін 11 көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленген.

Ағымдағы жылы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен 5 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылы мен Жұлдыз елді мекенін қосатын көпір; Сарыағаш ауданы, Ақжар елді мекеніндегі көпір; Шардара ауданы, Көксу ауылындағы көпір; Келес ауданы, Ошақты ауылындағы көпір; Кентау қаласы, Теке ауылындағы көпір.
Жоғарыда аталған 5 көпірдің 2-інде (Сарыағаш ауданы, Ақжар елді мекеніндегі, Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылы мен Жұлдыз елді мекенін қосатын) жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, қалған 3 көпірдің жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған.

Алдағы уақытта көпірлерді жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2019 23:12, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2019 23:12, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2019 23:12, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2019 23:12

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: