Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: Кентауда мыс-алтын Аралас концентрат өндіретін зауыт ашылды

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2019 22:14 Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Жобаның мақсаты - бос тұрған өнеркәсіп орнында түсті металлдар кендерін байыту кешенін ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу.

Кентау қаласының 64 жылдығына орай, "Кентау полиметалл" ЖШС ашылу салтанаты өтті.

Айтулы шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, "Кентау полиметалл" ЖШС-ң басшысы Дмитрий Копченко қатысты.

Сондай-ақ, ардагер кеншілер Қамбар Сейітжанов пен Шерхан Әбілов ашылғалы тұрған кәсіпорынның маңыздылығына тоқталып, ізгі тілектерін білдірді. Содан соң Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы, Кентау қаласының әкімі Даурен Мақажанов, ардагер кенші Шерхан Абилов, кәсіпорын басшысы Дмитрий Копченко зауыттың іске қосу тетігін басып, салтанатты түрде іске қосты.

Жобаның мақсаты - бос тұрған өнеркәсіп орнында түсті металлдар кендерін байыту кешенін ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу. Жобаның көзделген мақсатына жету үшін 2016 жылдың 10 желтоқсанында Кентау қаласының әкімдігі, облыстық Кәсіпкерлер палатасы және инвестициялық компания арасында 2 170 000 000 теңге сомасына инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы үш жақты меморандумға қол қойылған болатын.

Бүгінде жоба толық іске қосылып отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2019 22:14, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2019 22:14

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: