Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында ветеринарлық ахуыл түрақты

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 23:01 Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Энзоотиялық аурулардың алдын алу бойынша көктем, күз айларында 2 млн 518,6 мың бас ірі мал бүркілсе, 8 млн 147,6 мың бас ұсақ мал тоғытылған.

Түркістан облысында ветеринариялық іс-шаралардың 9 айлық жоспарына сәйкес, жануарлардың аса қауіпті 14 ауруына қарсы 28 млн 555 мың доза вакцина егілді.

Бүгінгі таңда өңірде жануарлар арасында ветеринарлық ахуал қатаң бақылауда. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Энзоотиялық аурулардың алдын алу бойынша көктем, күз айларында 2 млн 518,6 мың бас ірі мал бүркілсе, 8 млн 147,6 мың бас ұсақ мал тоғытылған. Сондай-ақ, үй іргелік қора жайлар мен жапсарлас аумақтары мен буферлік аумақтар залалсыздандырылып отыр.

- Аусыл ауруына қарсы вакцина 1 млн 384,4 мың бас ірі қара малға, 6 млн 86,4 мың бас ұсақ малға егіліп, 2002 жылдан бері аусыл ауруы тіркелмеген. Ал сібір жарасы ауруына қарсы 1 млн 201,6 мың бас ірі қара малға, 5 млн 456,6 мың бас ұсақ малға, 302,9 мың бас жылқыларға, 25,2 мың бас түйелерге вакцина егілді. Облыс аумағында 2003 жылдан бері жануарлар арасында сібір жарасы ауруы тіркелмеді, - деді Нұрбек Бақтыбайұлы.

Сонымен қатар, сарып ауруына қарсы жануарлар арасында диогностикалық зерттеулер жалпы 3 млн 377,7 мың бас малға жүргізілді. Нәтижесінде 389 бас ірі қара мал, 532 бас ұсақ мал ауруға «оң» нәтиже көрсетіп, арнайы орындарда сойылып залалсыздандырылды. Мал иелеріне жалпы 100 млн 570,2 мың теңге өтемақы төленді. Сарып ауруымен адамдар арасында аурушаңдық 37 адамға кемісе, адамдарды кене шағу 333 адамға азайған.

Облыста мал көмінділерін тастайтын 257 орын бар. Оның ішінде: 111-і типтік үлгіде, 146-ы ыңғайластырылған. Соныман қатар, 14 дана инсинератор пеші бар.

Бұдан өзге, құтыру ауруына қарсы 187,5 мың бас итке, 32,8 мың бас мысыққа вакцина егілген. Құтыру ауруының алдын алу мақсатында бүгінгі таңға 55 362 бас қаңғыбас ит-мысық ауланып жойылған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 23:01, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 23:01, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 23:01, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2019 23:01

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: