Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан темір жолының төрағасы Сауат Мыңбаев пен Өмірзақ Шөкеев Арыста болды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 23:12 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қала өміріндегі тарихи да маңызды нысанның күрделі құрылысын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жүргізді.

Сауат Мыңбаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Арыс қаласының басты көрікті жерлерінің бірі - теміржол вокзалында болды.

"Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ-ның төрағасы Арыс темір жол стансасындағы көлік инфрақұрылымы нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесімен танысты. Шойын жол нысандарында жүргізілген барлық жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталған. Жарылыс салдарынан темір жол торабында орналасқан 60-тан астам қызметтік-техникалық ғимараттар, көптеген тұрғын үйлер зақымдалған болатын. Қысқа уақыт ішінде көне теміржол вокзалы толық қайта жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енген.

Қала өміріндегі тарихи да маңызды нысанның күрделі құрылысын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жүргізді.

Арыс – Орта Азия қақпасы, тоғыз жолдың торабы атанған теміржолшылар кенті. Халқының басым көпшілігі де шойын жол саласында қызмет етеді. Биыл Арыс қаласының 1-теміржол вокзалына 115 жыл толып отыр. Іргетасы 1904 жылы қаланған көне ғимараттың іші-сырты толық жаңғыртылды.

Ең бастысы, ғимараттың тарихи сәулеті сақталып, ұрпаққа көне жәдігерлердің бірі болып қалмақ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 23:12, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 23:12, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 23:12, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2019 23:12

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: