Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2019 23:39 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Аудан орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан ауыл округінің бұрынғы ғимараты тозығы жетіп, ескірген.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ашылған жаңа дәрігерлік амбулаториясы Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінде пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен аудандық билік басшылары және жергілікті тұрғындар қатысып, лентасын қиды.

Аудан орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан ауыл округінің бұрынғы ғимараты тозығы жетіп, ескірген. Халыққа дәрігерлік көмек көрсетуге арналған жаңа емдеу-профилактикалық мекемесі заманауи медициналық жабдықпен толық қамтылған.

Соның арқасында жергілікті тұрғындарға акушерлік және жұқпалы ауруларға арналған фильтр бөлмелерінде де ем көрсетіліп, тіс дәрігері қызмет көрсете бастады. Жаңа емдеу мекемесінде қырыққа жуық медицина қызметкері жұмыс істейді. Жалпы, Қызылжар ауылдық округінің халық саны жеті жарым мыңнан асады.

Ашылу салтанатына арнайы қатысқан ауыл тұрғындары, енді дертіне дауа іздеп алысқа табан тоздырмайтындарын айтып, алғыстарын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2019 23:39, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2019 23:39, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2019 23:39, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2019 23:39

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: