Жаңалықтар тізбегі
0

Инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

"Нұрлы жол", сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2019 16:00 "Нұрлы жол"
3394,1 км жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілері, 29 қазандық және 99 бірлік басқа насандар салынды және қайта жаңартылды.

"Нұрлы жол" - бұл ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың сәуірінде бекіткен инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама бөлімдерінің бірі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту (қайта жаңарту және салу) болып табылады, оларды қаржыландыру бюджеттік кредиттеу және субсидиялау тетігі арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде тозуды 67%-дан 57%-ға дейін төмендету жоспарлануда. Бұдан басқа, тұтынушыларға ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасы жақсаратын болады.

2015 жылдан 2019 жылға дейінгі кезеңде 813 млрд теңге сомасына 969 жоба қаралды, оның ішінде 267 млрд теңге сомасына 387 жоба қаржыландырылды. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ бюджеттік кредиттеу тетігі бойынша Сенім білдірілген өкіл (агент) және Субсидиялау бойынша қаржы институттарымен өзара іс-қимыл бойынша оператор болып табылады.

3394,1 км жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілері, 29 қазандық және 99 бірлік басқа насандар салынды және қайта жаңартылды.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен кредиттеу ережелері мен субсидиялау ережелері әзірленіп бекітілді, оған сәйкес жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестициялық жобаларын іске асыру жүріп жатыр.

Ережелерге сәйкес, жобаларға бюджеттік кредиттер жергілікті атқарушы органдарға беріледі, ал олар, өз кезегінде, кейіннен 20 жылға, 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен өз қызметін жылу, сумен жабдықтау және су бұру саласында жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілеріне береді. Кредит беру ережелері бойынша кредит беру мерзімінен 1/3 аспайтын жеңілдікті кезең беріледі.

Субсидиялау жөніндегі оператор ретінде ҚазОрталық және бюджеттік кредиттеу тетігі бойынша Сенім білдірілген өкіл (агент) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жеткізушіні таңдау бойынша алдын ала тізбені, техникалық ерекшелікті (тапсырманы), мемлекеттік сараптама алғанға дейін жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық қадағалау қызметтерін көрсетуге жеткізушіні таңдауды келіседі, сондай-ақ сол жерлерге барып, фото- және бейне тіркеу құралдарын пайдалана отырып, инвестициялық жобалардың іске асырылуына көзбен шолып тексеру жүргізеді және Бюджеттік бағдарлама әкімшісі үшін бекітілген өлшемдер мен шарттарға сәйкес қорытынды дайындайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: