Жаңалықтар тізбегі
0

Асқар Мырзахметов: АӘК шынайы мұқтаждарға үлестірілу керек

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2019 17:04 пресс-служба
Басқарма басшысы биылғы тоғыз айда ауыл бойынша 885 адам 3797,3 миллион теңгенің, қала бойынша 24 адам 1070,3 миллион теңгенің шағын несиесіне қол жеткізгенін айтып, жыл соңына дейін көзделген меже толығымен орындалатынына сендірді.

Өңірде биыл жыл сонына дейін барлығы 6147,6 миллион теңгенің шағын несиесі 1301 адамға беріледі деп жоспарланған. Бұл республика бойынша басқа өңірлермен салыстырғанда алдынғы көрсеткіштердің бірі екенін айта кету керек. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қараша айынан шағын несие беруге қосымша республикалық бюджеттен тағы 2 миллиард теңге бөлініп отыр.

Ал, бұл қаржылардың игерілуі қай деңгейде? Тұрғындардың шағын несиеге қол жеткізу барысы жүйелі ма?

Ол туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тоғыз айлық есебінде жан-жақты айтылды. Есептік жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметовке аталған басқарма басшысы Тимуржан Бидайбеков алғашқы үш тоқсандағы атқарылған жұмыстарды баяндады.

Басқарма басшысы биылғы тоғыз айда ауыл бойынша 885 адам 3797,3 миллион теңгенің, қала бойынша 24 адам 1070,3 миллион теңгенің шағын несиесіне қол жеткізгенін айтып, жыл соңына дейін көзделген меже толығымен орындалатынына сендірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2019 17:04

Айта кетейік, бүгінгі таңда жалпы халықты жұмыспен қамту шаралары бүгінгі таңда «Еңбек» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы бұл бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 7,4 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 4,2 миллиард теңге қарастырылған. Нәтижесінде тоғыз айда жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 30 504 адам тартылып, жылдық жоспар әзірге 86 пайызға орындалып отыр. Сонымен қатар, есепті кезеңде жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен 20 640 адам жұмыспен қамтылса, оның ішінде 14210 адам тұрақты негізде орналасқан.

Асқар Исабекұлы шағын несиелерді шын мәніндегі қажетті жобаларға жұмсаудың маңыздылығын ескертіп, ол бойынша жауапты тұлғаларға әрбір ауданның әлеуеті мен сұранысын барлап, карта әзірлеп, арнайы базаны қалыптастыруды тапсырды. Сондай-ақ, бұл бағытта ауылдағы қарапайым халықты барынша хабардар ету жұмыстары әлі де әлсіз екенін ашып айтып, тұрғындардың тұрмысын арттыру жолында бар шараларды қолға алуды жүктеді. Өңір басшысы қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарын оңтайландыруды, әсіресе, сұранысқа сай мамандықтарға басымдық беру керектігіне көңіл бөліп, тиісті тұлғаларға бұл тұрғыдағы бақылау шараларын қатаңдатуды міндеттеді.

Басқосуда басқа да жоспарлы көрсеткіштер мен межелі міндеттердің орындалу барысы қаралып, жұмысы сылбыр аудан мен қала басшылары сынға алынды. Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы, барлық аудандарда мүгедек балаларды оңалту орталықтарын құру бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы сұралды. Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар беру, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмысқа тарту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша жасалынып жатқан жұмыстар жайы сараланды.

Аймақ басшысы, Атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуында кеткен кемшіліктерді жоюға айрықша назар аударып, екінші рет ондай қателіктерге жол бермеу үшін бақылау мен барлауды күшейтуді тапсырып, тиісті көмек шынайы мұқтаждарға үлестірілу керектігін баса айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: