Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан ауылшаруашылық саласына салынған инвестиция көлемі бойынша көшбасшы

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 23:29 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Аппарат мәжілісінде сонымен қатар облыстағы ауыл шаруашылығы салаларының 9 айлық жұмыс қорытындысы да сөз болды.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен аппараттық мәжілісте айтылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен жиында алдымен Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары талқыланды. Арыстағы жарамсыз деп танылған 474 тұрғын үйдің 402 -ң құрылысы толық аяқталған.

Сала мамандарының зерттеу-зерделеу нәтижесінде тұруға жарамсыз деп танылып, сүрілген тағы 72 үйдің құрылыс жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларына тиесілі бұл нысандарда құрылысшылар екі ауысымдық жұмысқа ауысып, атқарып жатыр.

Жиналыста сондай-ақ, облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен жүріп жатқан Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарына қатысты ауқымды шаралар да талқыланды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қаланың аумағын қоқыстан тазарту мен көше бойларын және арық-атыздарды қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке облыстың барлық аудан-қаласынан 4 мыңнан астам адам қатысқан. Осы ретте аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев аталған шараға барлық әкімдік пен басқарма қызметкерлерінің толық атсалысуын тапсырды. Бүгінгі таңда облыс орталығының аумағында әкімшілік тарапынан 50 мыңға жуық көшет отырғызылған. Оларды тұрақты суғарып тұру үшін 268 су ұңғымасын салу көзделген.

Аппарат мәжілісінде сонымен қатар облыстағы ауыл шаруашылығы салаларының 9 айлық жұмыс қорытындысы да сөз болды. Соңғы көрсеткіштер бойынша, өңірдегі жалпы өнім көлемінің индексі мен тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлемі, ірі қара мен ұсақ мүйізді мал басының үлесі секілді даму индикаторларының орындалуы барысы баяндалды. Бұл бағытта Түркістан облысы жақсы жетістіктерге қол жеткізген. Ауыл шаруашылығы негізгі каптиталға тартылған инвестициялардың көлемі жағынан да республика бойынша алғашқы орында. Жиналысты қорытындылаған Өмірзақ Шөкеев жауапты мамандарға мақта құнына байланысты туындаған мәселені тез арада шешуді тапсырды. Айта кетейік, облыста Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарында тұратын 300 мыңнан астам халық мақта шаруашылығымен айналысады. Бүгінде бұл аудандарда 18 мақта өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 23:29, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 23:29, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 23:29, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 23:29

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: