Жаңалықтар тізбегі
0

11 қарашада AliExpress интернет-дүкенінде ірі көлемде жаппай сатылым өтеді

-, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2019 21:12 -
AliExpress компаниясы ұсынған жағымды жаңалық тек мұнымен шектелмейді.

Әлемдік деңгейдегі ең ірі сауда алаңы саналатын AliExpress интернет-дүкені 11 қараша күні жаппай сатылым өткізеді. Тұтынушылар бұл күні кез келген тауар түрін 50-70%-ға дейін жеңілдікпен ала алады.

Мұндай бастама AliExpress алаңында 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Алғаш рет "Дүниежүзілік шоппинг күніне" байланысты ұйымдастырылған болатын. 2009 жылы өткен алғашқы жаппай сатылымға әлем тұрғындары 7,8 млн. доллар қаражат жұмсаса, 2018 жылы 30,8 млрд. долларға сауда жасаған.

AliExpress компаниясы ұсынған жағымды жаңалық тек мұнымен шектелмейді. Нақтырақ айтсақ, 28 қазанда да тиімді жеңілдіктер ұсынылады. Яғни, кез келген тұтынушы сайтқа кіріп, қажет тауарын қоржынға салып қойса, артынша онда тұрған тауарға 5 балдан қосылып отырады. Бірақ күніне 50 балдан артық қосылмайды. Кейін ол жинақ купонға айналады да, оның көмегімен жаппай сатылым кезінде тауарлардың бір бөлігінің құнын төлеуге болады.

Айта кетер жайт, аталған сауда алаңында түрлі заттардың өте үлкен ассортименті бар. Қазақстандықтар көбіне киім-кешек, гаджет, тұрмыстық техникалар мен кітаптарға тапсырыс береді екен. Бұл мәселеге байланысты осыдан 2 жыл бұрын "Қазпошта" АҚ AliExpress-те кобрендингтік төлем картасын іске қосқан еді. Негізгі мақсат – тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз етіп, қолайлы жағдай жасау. Бұл картаны тұтынушыларға 1,5 пайыз көлемінде cash back қарастырылған. Аталған картаны "Қазпоштаның" кез келген бөлімшесінен немесе post.kz порталы арқылы алуға болады. Қазіргі көрсеткіштерге сүйенсек, бүгінде 55 мың қазақстандық осы картаның игілін көріп отыр.

Айта кетейік, AliExpress онлайн-сату бойынша әлемдегі ең ірі интернет - дүкен саналады. Ондағы тауарлар әлемнің 200-ден астам елінде сатылады. Алпауыт интенет-дүкен ағылшын, орыс, португал, испан, итальян және басқа да тілдерде қызмет етеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: