Катонқарағай ауданында көпбалалы аналарға көмек көрсетілді
пресс-служба
Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек жаңа механизм бойынша 338 отбасына (1641 адам, 1028 бала) көрсетілді.
Катонқарағай ауданында 114 көпбалалы және аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Әр отбасына электронды және қағаз түрінде әлеуметтік карталар жасалды. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Катонқарағай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев мәлім етті.
Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек жаңа механизм бойынша 338 отбасына (1641 адам, 1028 бала) көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмекті бір жолғы төлеу арқылы алушылар мал сатып алды. Мысалы, Қызыл
Жұлдыз ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Құралай Зарқымова бұзау сатып алды. Ал Өрел ауылының тұрғыны, көпбалалы Гүлнұр Гайсина тігін машинасын алып, тұрақты сатып алушыларынан тапсырыстар қабылдауда.
– Катонқарағай ауданында 28 көпбалалы отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Қазір олар «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылыс банкі арқылы жеке үй алуға жолдама алды, - деді Ренат Құрмамбаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript