Жаңалықтар тізбегі
0

Бердібек Сапарбаев Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2019 23:01 пресс-служба
Осы орайда дайындалған кешенді жоспарға сәйкес орталық деңегейінде 50-ден астам мерекелік іс-шара өтеді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты.

Таразда Алтын Орданың 750 жылдығына орай "Талас құрылтайы: тарих пен тағлым" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Халықаралық іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ғалымдар, мәдениет және білім саласының қызметкерлері, ЖОО оқытушылары мен БАҚ өкілдері қатысты. "Биыл 24 тамызда "Ұлытау – 2019" халықаралық туристік форумы кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығын құруды тапсырған еді. Аталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы Алтын Орданың 750 жылдығы атап өтіледі.

Осы орайда дайындалған кешенді жоспарға сәйкес орталық деңегейінде 50-ден астам мерекелік іс-шара өтеді. Бұл қатарда отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен халықаралық ғылыми конференция өткізу, Алтын Орданың тарихына арналған монографиялар мен кітаптар шығару, Ұлытау өңірінің туристік әлеуетін ілгерілету, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, деректі фильм шығару қарастырылуда. Сондай-ақ, Жошы хан, Алаша хан кесенесіне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу, Алтын шоқы тауының төбесіндегі Әмір Темір жазуы бар мемориалдық тақтаның аумағын абаттандыру көзделіп отыр. Осы іс-шаралар нәтижесінде еліміздің мәдени мұрасын жаңғырту үшін платформа құрылып, Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын насихаттауды UNESCO мен UNWTO-ның халықаралық бағдарламасына енгізуге алғышарт жасалмақ",-деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Конференция барысында Талас құрылтайының және Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығы, Жүсіп Баласағұнның әйгілі "Құтадғу білік" кітабының 950 жылдығына орай мазмұнды баяндамалар жасалып, қатысушылар пайымды пікірлерімен бөліспек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: