Жаңалықтар тізбегі
0

Сапарбаев Жамбылдағы пилоттық жобаның жүзеге асу барысымен танысты

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2019 23:08 пресс-служба
Сондай-ақ, ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, ұсыныстар айтты.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Ол бойынша пилоттық жобаға енген он ауылдық округтің бірі – Байзақ ауданы Қостөбе ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында вице-премьерге ауқымды жоба аясында ауылда атқарылып жатқан жұмыстар жайы баяндалды. Бүгінде аталмыш жобаның бірінші бағыты – қосалқы шаруашылықты тиімді табыс көзіне айналдыру бойынша округтегі 862 аула аянбай жұмыс жасап, екі айналымда өнім алуға дайын. Ал, екінші бағыт бойынша 224 аула жобаға қатысуға ниет білдіріп, жалпы 7 697 бас төрт түлік мал алу үшін құжаттарын өткізген. Қостөбе ауылдық округінде "Қостобе-2019" ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі барлық саланы қамту бағытымен құрылды.

Өз кезегінде Үкімет басшысының орынбасары жеке қосалқы шаруашылықты дамыту арқылы, тиімді табыс көзін қалыптастыруға бағытталған баянды бастаманың маңыздылығына тоқталып, оның Мемлекет басшысы мен Үкімет тарапынан да зор қолдауға ие болып отырғандығын жеткізіп, қостөбеліктерді жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

«Бұл жобаны жүзеге асыруда ауылдың әр тұрғынының қатысуы маңызды. Барлық ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қарастырылған. Әсіресе, үй іргесіндегі, ауыл маңындағы жерлерді тиімді пайдалану, техника, мал сатып алу, кооператив құру шаралары жоба аясында шешімін табуда. Бұл орайда әрбір отбасының әлеуметтік картасы болуы керек. Халықтың игілігіне негізделген бұл жобаны мемлекет басшысы, Үкімет тарапынан қолдауға ие болып отыр. Енді тек жұмыс істеуге керек», – деді Бердібек Сапарбаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2019 23:08

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, ұсыныстар айтты.

«Барлық жаңалықты бірден қабылдау оңай болмайды. Бірақ біз қорықпай, тәуекел етсек, барлық қиындықтарды еңсеруге болады. Өйткені мемлекет өз халқын әрдайым қолдайды. Қостөбе ауылының басқа тұрғындары сияқты, мен Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны толық қолдаймын. Оның арқасында ауылдарда қосымша табыс табу мүмкіндігі пайда болады. Менің отбасым да осы жобаға қатысуға ниетті. Құс шаруашылығымен айналысқымыз келеді, ет және жұмыртқа үй шаруашылығымен айналысқымыз келеді. Менің ойымша, өз табысын 300 мың теңгеге дейін арттыра аламыз»,- деп атап өтті өз сөзінде Қостөбе ауылының тұрғыны, білім беру ардагері Мария Төлеуғалиева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: