Түркістан: Келесте 72 шақырымға жуық жол жөнделуде
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Аудандағы елді мекендердегі ішкі көшелердің 43,1 шақырымы, яғни 20 көшеге әр-түрлі деңгейдегі жол жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Келес ауданында биыл 71,3 шақырым, яғни 43-көшеге әр-түрлі деңгейдегі жол жөндеу жүмыстары жүруде.
Аудан орталығы Абай ауылы бойынша "Ауыл Ел-бесігі" бағдарламасы аясында 28,19 шақырым, яғни 23-көшенің орташа жол жөндеумен қатар абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Абай ауылындағы 23-көшенің 19-көшесінде жол жөндеу құрылыс жұмыстары аяқталған. Қалған 4 көшенің жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға берілетін болады.
Аудандағы елді мекендердегі ішкі көшелердің 43,1 шақырымы, яғни 20 көшеге әр-түрлі деңгейдегі жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде 10 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу. Ал қалған 10 көшенің мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Сонымен қатар, бір аудандық маңызы бар "Ащыкөл-Қалғансыр" 6,8 шақырым автомобиль жолдары мемлекеттік сатып алу конкурсында өткізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript