Жаңалықтар тізбегі
0

Шу ауданында жылдық қуаты 148 мың тонна өнімді құрайтын қант зауыт салынбақ

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 19:44 пресс-служба
БАҚ өкілдері бірінші химиялық парктің экономикалық аймағында жаңадан салынып жатқан қант қызылшасы зауытының құрылысымен танысты.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасымен Шу ауданына баспасөз-тур ұйымдастырылды.

БАҚ өкілдері бірінші химиялық парктің экономикалық аймағында жаңадан салынып жатқан қант қызылшасы зауытының құрылысымен танысты. Бұл жобаға тартылған инвестицияның құны 200 миллион еуроны құрайды. Осы жылдың 4-ші тоқсанында басталған құрылыс жұмыстары 2022 жылдың соңында аяқталмақ. Егер жоба іске асқан жағдайда зауыт 8 мың тонна қант қызылшасын өндірмек. Ал болашақ зауыттың жылдық өнімділік қуаты 148 мың тоннаны құрайды.

– Қазіргі таңда құрылыс компаниясының мобилизациялық жұмыстары жүргізілуде. Яғни, уақытша электр сымдары тартылып, аумағы қоршалуда. Егер зауыт іске қосылған жағдайда жергілікті жердің 300 азаматы тұрақты жұмыспен қамтылады. Осы мақсатта алдағы уақытта аудан азаматтарының ішінен мамандарды дайындаймыз. Ол үшін осындағы колледждермен арнайы меморандумға қол қойылып, керекті мамандықтардың тізімін бердік, – дейді «Qazsugar» ЖШС директоры Аман Аяғанов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 19:44

Сонымен қатар, Шу ауданында қос бірдей нысан ел игілігіне берілді. Атап айтсақ Қорағаты ауылдық округіне қарасты Жиенбет ауылында 10 келушіге арналған, заманауи талаптарға медициналық пункт ашылса, Абай ауылының тұрғындары мен мұндалаған мұнарадан тартылған таза ауыз суға қол жеткізді. Әрбір үйге жеткізілген игігілікке тұрғындар дән риза. «Бұл Жамбыл облысының 80 жылдығы мен Тұңғыш Президент күні қарсаңында тамаша тарту болды»,-дейді ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Тобахан Байгесиев.

Сондай-ақ химиялық парктің экономикалық аймағында жалпы құны 160 миллион еуроны құрайтын картофель фриін өндіретін зауыт та салынбақшы екен. Оның құрылысы келесі жылы басталатын көрінеді. Мұндағы зауыт іске асқан жағдайда 200 адамға тұрақты жұмыс табылмақ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 19:44

Бұдан бөлек, Шу қаласындағы макарон өнімдерін шығаруға арналған элеватордың құрылыс жұмыстарымен таныстық. Бүгінде онда құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізіліп жатқанына қарамастан өнім де шығарыла бастапты. Мұнан соң аталған аудандағы тұрғын үй салу мақсатында 258 гектар аумаққа жүргізілген инфрақұрылым жұмыстарының барысына қанықтық. Мұнда алдағы уақытта жердің кезегінде тұрған азаматтар үшін жер телімдері үлестірілмек. Бастысы, бұрынғыдай олпы-солпы жерді бере салмай, инфрақұрылымы толық жүргізіліп барып беріледі. Бұл өз кезегінде азаматтардың баспанасын еш кедергісіз салуына септігін тигізетіні белгілі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: