Жаңалықтар тізбегі
0

Мойынқұмда мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асуда

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 19:49 пресс-служба
Бұдан кейін аудан орталығының іргесіндегі Жамбыл ауылына табан тіредік.

Мойынқұм ауданына ұымдастырылған баспасөз-турда әуелі Кеңес ауылдық округіне қарасты Айдарлы ауылына ат басын тіреп, "Ақ отау" шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен таныстық. 2002 жылы құрылған қожалық қазіргі таңда дала төскейін 700 қой, 100 сиыр және 50 жылқымен толтырып отыр. Сондай-ақ ірі қараны бордақылап, етін барит өндірумен айналысатын "Шығыс кен басқармасы" ЖШС-не өткізеді екен.

Шаруашылық жұмысын жандандырып отырған Серік Білдебаев өздерінің 60 гектар суармалы жеріне жоңышқа, жүгері еккендерін айтады. Осылайша, төрт түліктің қыстық жем-шөбін өздері дайындап алған. Мұнан соң жастар жылына орай арнайы салынған Биназар ауылындағы Жастар саябағына бас сұқтық. Жалпы аумағы 1,5 гектар жерді алып жатқан саябаққа осы жылы 129 түп терек, 30 түп қайың, 20 түп тал, 50 түп емен және 65 түп арша егіліпті. Келер жылы абаттандыру жұмыстары жүргізілмекші екен. Сондай-ақ саябақта ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш те бой көтеріпті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 19:49

Бұдан кейін аудан орталығының іргесіндегі Жамбыл ауылына табан тіредік. Ауылдағы "Ғазиз" жеке кәсіпкерлігі сүт өнімдерін дайындау цехын ашып, төрт түрлі өнім шығарумен айналысып келеді. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасымен грант ұтып алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған Ғазиз Мәдімар құрт, қаймақ және май өндіруде. Ол үшін шығарған өнімін этиленді пакет арқылы орайтын арнайы құрылғы да сатып алыпты. Осы арқылы өнімді сақтау мен өткеру тиімді екен. Қазіргі таңда аудан орталығындағы супермаркеттер мен ірі дүкендерді ғана қамтып отырған Ғазиз облыс орталығына да өндірген өнімін жіберуді жоспарлап отыр. Өз ауылындағы "Тасқын" шаруа қожалығынан тәулігіне 60-70 литр сүт алатын жеке кәсіпкер бүгінде 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2019 19:49

Ауданға сапар барысында аудан орталығындағы жем-шөп дайындайтын "Тұлпар" кооперативінің жұмысымен де танысудың сәті түсті. Аталған ұйым жұмыстарының басы-қасында жүрген кооператив мүшесі

Расылхан Кәдірхановтың айтуынша, үстіміздегі жылдың басында механикалық жасақтың көмегімен бірнеше каналдар тазартылып, ауданның аграрлы аймағына мейлінше жағдай жасалыпты. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланған кооператив 30 гектар жерге жүгері егіпті. Осыншама жерден 100 тонна өнім алған олар жүгеріні қырманда өңдеп, аудан тұрғындарына өткерген. Бүгінде қырманда 30 гектардан алған өнімдерінің 30 пайызы сақтаулы тұр екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: