ТМД елдерінде жоқ қондырды Қордайда іске қосылды
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасымен қолға алынған баспасөз туры Қордай ауданында жалғасын тапты. Құтты берген Қордай ауданында барлық салада өсім бары байқалады. Яғни, аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жүктеген тапсырмалар мен мінттер орындалып, нәтижесін беруде.
Қордай ауданның басшысы Болатбек Байтөле БАҚ өкілдеріне атқарылған жұмыстарды баяндап, қордайлықтар биылғы жылды сәтті аяқтап, барлық межелер орындалғандығы туралы әңгіме өрбітті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына кәсіпорындар айтарлықтай үлес қосуда. Ал нәтижесінде ауыл азаматтары жұмыспен қамтылып, өнім көлемі ұлғайып отыр.
Кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімін жоғарлату үшін ауданда құны 49 млрд. 800 млн. теңгені құрайтын 65 жоба іске асырылуда. Соның 3-і биыл іске қосылыпты. Сонымен қатар, жобалап отырған тағы үш үлкен кәсіпорын бар. Ішіндегі ең ірісі - "Азиа гол продакшн" мекемесі. Жобаның құны - 45 млрд. теңгені құрайды. Бұл өндірісте алтын өндіретін комбинат салу жоспарлануда. Жобаға жері бөлініп, алғашқы қадамы жасалып басталған. Сонымен қатар, ауданда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қол ұшын қосу назардан тыс қалмаған. "Әлеуметтік дүкеннен" тұрмысы төмен жандар азық-түлікті арзан бағада ала алады.
Бұған қоса, киім-кешектер де тегін үлестіріледі. «НұрНиет» қайырымдылық қорының президенті Гүлшат ЕРМҰХАМЕТОВА дүкенде әлеуметтік негіздегі азық-түліктердің бағасы төмендетілгендігі, яғни, базардан, дүкендерден қарағанда өте төмен бағамен сатылатындығы туралы журналистерге баяндады. Ал екінші қайырымдылық дүкенінде көмекке мұқтаж отбасыларға халықтан аудан тұрғындарынан жиналған киім-кешектер тегін таратылады екен. Бүгінгі күнге дейін бұл дүкендер 41 отбасыға киім –кешек, азық-түлікпен қамтыған екен.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту аясында Қордай ауданында "Флагман" сауда-саттық үйі жұмыс істеуде. Кәсіпкерлер тауарлардың бағасын бірқалыпта ұстап, халыққа адал қызмет көрсетіп келеді. Сауда үйі заманауи типте салынған. Мұнда тұрмысқа қажеттінің бәрі бар. Отандық тауар өндірушілердің өнімін де осы жерден табуға болады.
Жеке кәсіпкер,сауда үйінің иесі Айгерім ЖЫЛҚЫБЕКОВА тәулік бойы жұмыс жасайтын сауда үйімен таныстыра келе, мұнда қажеттінің бәрі бар екенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, мұнда білім саласы қарқынды дамуда.
Атап айтсақ, ауданда жеке меншік балабақшалардың саны жылдан жылға артып келеді. Нәтижесінде балабақша кезегінде тұрған бала саны азайып отыр. Іс-сапар барысында барған "Нұрсила әже" бөбекжайы да қазір 75 балаға тәлім-тәрбие беріп отыр. Балдырғандарға 4 мезгіл тамақ беріледі. Қосымша үйірмелер мен сабақтар өткізіледі.
Ауыл шаруашылығы саласында үлкен қолқанат болып отырған "Қордай Корм" жемнің түр-түрін шығарып, аудандағы малдың қысқы азығын қамдауда. Мұндағы жем-шөп құнарлы әрі дәрумендерге бай. 2017 жылы құрылған өндіріс қазір бірқатар жетістіктерге қол жеткізіп үлгерген. Құрама жемнің 7 түрін зерттеп, нарыққа шығарады. Өндірістік кооперативінің басшысы Т.Сәрсенбаев: – Қазіргі кезде айына 1000 тонна жем шығарамыз. Үлгермей жатырмыз. Жаңа техникаларды ресей мен украинадан алдық. Алла қалса, қолданысқа енгіземіз. Ол кезде 12 тонна жемді сағатына шығаратын
Құтты мекен Қордайда баламасы жоқ бастамаларда қолға алынған. "Гринвилл" серіктестігі көкөністерді шығарумен айналысады. Яғни, жылыжайда "Базилик", "Руккола" сынды салат түрлерін нарыққа шығарып отыр. Тіпті, кешенде "тилапия" балықтары да өсіріледі екен. Оңтүстік Кореялық технологияларды тиімді пайдаланып отырған серіктестік таураларын Алматы қаласына жөнелтуде.
Бұл жоба ТМД елдерінде жоқ. Қордай ауданындағы бұл жоба аквапоника деп аталады. Аквапоника дегеніміз - экологиялық таза өнім. Шаруашылық өсіретін өнім салат жапырақтары, жеміс-жидектер. Жылыжайда өсірілетін бұл өнім түріне сұраныс мол. Тойханалар мен дәмханалар тапсырыспен алып кетуде екен.
Ауданда жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту бойынша да жұмыстар ауқымды. Әсіресе, жастарға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінген. Мемлекет берген мүмкіндіктің арқасында олар кәсібін ашып, нәсібін тауып отқан жайы бар.