Жаңалықтар тізбегі
0

Жуалы ауданы Қарасаз ауылына ауыз су берілді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2019 17:59 zakon.kz
Облыс тойы қоныс тойға ұласып, көпшіліктің көптен күткен қуанышын еселемек.

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай Жуалы ауданының орталығына жақын орналасқан әрі тұрғындар саны жағынан үлкен округтердің қатарына жататын Қарасаз ауылына таза ауыз су берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарасаз ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысына 616 289,0 мың теңге қарастырылған. Елді – мекенде 475 аула, 2150 адам тұрады. Ауылды таза ауыз сумен қамту жұмыстарын "КДСМ" ЖШС жүргізіп, 25,5 шақырымға құбыр тартқан.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2019 17:59

– Біз бүгін сіздермен қуанышты күні кездесіп отырмыз. Ең алдымен еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын. Сіздердің ауылдарыңыздағы ауыз су жүйесінің ашылуы осынау ұлық мерекемен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел тұрғындарын 2025 жылға дейін таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарын 80 пайызға жеткізу туралы мәселе айтылған. Осы орайда аудан тұрғындарын ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі таңда ауданның 15 елдімекенінде орталықтандырылған ауыз су жүйесі бар. Соңғы бес жылдың өзінде бес ауылға су жүргізілді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын таба беретін болады. Биылғы жылы аудан тұрғындары қажырлы еңбек етіп, жылды табысты аяқтағалы отырмыз. Бұл да ел ішіндегі ынтымақ пен береке, бірліктің арқасы. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы болды. Бүгін міне, сіздердің қуаныштарыңызды бөлісуге келіп отырмыз. Ауылға келген ауыз судың қызығын көріңіздер. Отбасыларыңызға амандық тілеймін,– деді аудан әкімі Нарбай Ергебеков.

Сондай ақ ауыз су құбырының ашылу салтанатынан соң бас мердігер "КДСМ" ЖШС-ның прорабы Оңдасын Сейденов су тарту мұнарасының жұмысымен таныстырды.
Еске сала кетейік, қазақ хандығының алғаш қазығы қағылып, тарихтың темірқазығына айналған, тұғыры баянды болашақпен, ғұмыры ғазиз тарихпен бітеқайнасып жатқан Жамбыл облысының 80 жылдығына орай 80 нысан ел игілігіне беріліп жатыр.

Облыс тойы қоныс тойға ұласып, көпшіліктің көптен күткен қуанышын еселемек. Атап айтқанда, мереке қарсаңында Тараз қаласында 80 пәтерлі 6 үй, 60 пәтерлі 2 үй, 44 пәтерлі 1 тұрғын үй, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында 120 пәтерлі 1 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылындағы "Көктөбе" жаңа тұрғын алқабындағы инфрақұрылым нысандары, Шу қаласындағы 258,7 га тұрғын үй массивін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен жабдықтау жүйесі, Далақайнар ауылындағы орта мектепте жапсарлас нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, спортзал, асхана, технология кабинеттері іске қосылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: