Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай театрда Тоқпанов ескерткіші ашылмақ

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2019 18:57 пресс-служба
Асқар Тоқпанов Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келген.

Жамбыл облысының 80 жылдық мерекесіне орай Тараз қаласынан қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың ескерткіші ашылады. Осыған орай қазақ өнерінің абызы туралы айтылған бірқатар пікірлерді ұсынамыз, деп хабарлайды zakon.kz.

Асқар Тоқпанов Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, педагог – профессор. Қазақ КСР-нің Халық артисі. Торғын Тасыбекова, ҚР халық әртісі

– Асқар аға түр тұлғасы келіскен азамат еді. Домбырамен әнді шырқап жіберетін. Жетім өсіп, жас кезінде қиыншылықты көп көргендіктен шығар шындықты бетке айтатын. Әрбір қойған қойылымын жүрекке жеткізе білетін.

Бар ғұмырын театрға арнаған кәсіби режиссер Қазақ театр мектебінің ғылыми негізін қалады. Талай шәкірт тәрбиеледі.

Есмұқан Обаев, ҚР халық артисі - Асекең ұлы актерлермен жұмыс істеген адам. “Қалекеңнен” Абайды шығару үшін жарты ғұмырын берген адам, жылдап жұмыс істеген.

Бар ғұмырын сахна өнеріне арнаған ол Мәскеу қаласындағы Театр өнері институтын бітірген. Қазақ академиялық драма театрында режессер қоюшы болып еңбек еткен.

М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай” , Ш.Құсайыновтың “Марабай” , Әуезовтің ” Сын сағаттасы” мен “Еңлік – Кебек”, С.Мұқановтың “Жеңіс жыры”, Ғ.Мустафиннің “Миллионер”, А.П. Штейннің “Намыс соты”, Д.Гоу мен А.Д. Юссоның “Терең тамырлары” секілді спектакльдерді сахнаға шығарды.

-Ұстаздығы ғылыми тұрғыдан өнерді дәріптеуі оны елге жеткізуі міне бұл кісінің талай дүниені ізденуінің белгісі, – дейді ҚР халық әртісі Есмұхан Обаев.
Бауыржан Қаптағай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

-Ол айтатын мен өлетін күнімді ғана білмеймін, басқаның барлығын білемін. Ол кісінің білмейтін нарсесі жоқ, Абайдың өзінде жорға Жұмабай деген бар. Соны айтқан кезде көз алдыңа сол жорға Жұмабайдың образдары елестеп отыратын. Асекең шын мәнінде ұлттық қазақ театрының мәдениетінде ең білімді деген ұстаздың бірі болды. Сол кісіден біз дәріс алдық.
Асқар Тоқпанов 1951 – 1953 ж. қазіргі Қазақ академия балалар мен жас өспірімдер театрында, сондай-ақ, Қарағанды, Атырау, Жамбыл (1969 -1971) облысы қазақ драма театрларының көркемдік жағын басқарып, спектакльдер қойды. ” Халықтың көзі-қазы, көңілі- таразы” -дейтін Ол.

– Бізге Абайдың отыз процентін оқысаңдар мықты қазақ боласыңдар дейтін. Екінші айтатыны Махамбет еді. Махамбек секілді нағыз батырды, терең философ Абайды ұнатып отыр. “Әртіс” деген елгезек болу керек. “Әртіс” дегеннің құлағы жақсы есту керек. “Әртіс” деген білімдар болу керек. “Әртіс” деген өмірде не болып жатқандығының барлығын көзімен байқап бағдарлап жүру керек. Сахнаға керек болады. “Әртіс” деген шешен сөйлей білу керек дейтін. Тәрбиесі, ұстаздық мектебі өте мықты болатын, – дейді ҚР халық әртісі Сәбит Оразбаев өз естелігінде.

Қазақ өнерінің абызы кей спектакльдерді қоюмен бірге, кейбір басты рольдерді өзі де ойнады. Ол сахна өнерінің өзекті мәселелері туралы зерттеу мақалалар және пьессалар жазып, қазақ тіліне Г.Ибсеннің, М.Горькийдің туындыларын аударды.

Алматыдағы театр училищесінде (1939 -1944) жөне Өнер институтында (қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясы, 1955 – 1963 ж. кафедра меңгерушісі, педагог қызметпен шұғылданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: