"Өзен-Атырау-Самара" ММҚ құрылысы кезінде ҚазТрансОйл цифрлық рентгенді қолданады
"ҚазТрансОйл" АҚ "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырының құрылысы кезінде цифрлық рентгенді қолданады, деп хабарлайды zakon.kz.
Жаңа технологияны қолдану нәтижесінде құбырдағы дәнекерленген жіктің сапасы туралы сараптамалық қорытынды алу уақыты 36 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқартылды.
Мұнай құбырларындағы дәнекерленген қосылыстарды радиографиялық бақылау әдісі құбырдың учаскесіне медициналық аналогия бойынша рентген сәулесін түсіру қағидатына негізделген. Дәнекерленген түйіспеде сәуле түсетін қабық болады. Кейін қабықты шығарады, кептіреді, дефектоскоп арқылы өткізеді де дәнекерленген жікте ақаулардың болуы немесе болмауы туралы қорытынды береді.
- Дәнекерлеу кезінен бастап қорытынды шығарғанға дейін бірнеше тәулік өтуі мүмкін. Осы уақыт ішінде дәнекерлеу бригадасы шамамен 40 түйіспе жасай алады. Салыстыру үшін 80 түйіспе – құбырдың бір шақырымын құрайды. Аналогты рентген сәулелерінен айырмашылығы, цифрлық әдіс кескіндерді шығаруды және кептіруді қажет етпейді. Барлық ақпарат компьютердің мониторында көрсетіледі. Бұл процесті едәуір жылдамдатады. Екі сағат ішінде бригада қандай дәнекерлеуші және қай жерде қате жібергенін толық біледі, - деп түсіндірді "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының орынбасары Сәбит Арынов.
Мамандардың пікірінше, мұнай құбырларындағы дәнекерленген қосылыстарды радиографиялық бақылау әдісі ең дәл болып табылады. Бұл дәнекерленген қосылыстардың сапасын тексеру және мұнай және газ құбырларын, өнеркәсіптік құбырларды салу және орнату кезінде ақауларды анықтау үшін қолданылады.
Қазіргі кезде цифрлық рентген Ресейде, Қазақстанда және АҚШ-та қолданылады.