Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар МӘМС-ті қалай қабылдады?

МӘМС, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2020 19:51 МӘМС
Вебинарды Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, іскерлік әкімшілік магистрі Сәуле Қисықова жүргізеді.

27 ақпанда zakon.kz сайтында МӘМС-тің ұйымдастырушыларымен "Қазақстандықтар медсақтандыруды қалай қабылдады" тақырыбында вебинар өтеді.

Оның ішінде мынадай тақырыптар қамтылады:

- Қазақстандағы МӘМС жұмысының бірінші айының қысқаша қорытындысы.
- МӘМС пен Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің айырмашылығы неде.
- Сақтандырылу мәртебесі айқындалмаған азаматтарға қатысты жағдай.
- МӘМС-тің арқасында қандай медициналық қызметтер көбейді.

Вебинарды Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, іскерлік әкімшілік магистрі Сәуле Қисықова жүргізеді.

"Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі – Нұр-Сұлтан қаласы аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

"Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

- Нұр-Сұлтан қаласында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және халық денсаулығын қолдау мәселелері жөніндегі бірыңғай ұлттық саясатқа сәйкес, халықты сапалы да қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету;

- Халықтың денсаулығын қорғау мен жақсарту шараларын жетілдіру мен жүзеге асыру, аурулар мен жарақаттардың профилактикасы, белсенді өмір ұзақтығы мен еңбекке жарамдылықты арттыру.

Медсақтандыру тақырыбы бойынша сұрақтар қабылдау 2020 жылғы 10 ақпаннан 24 ақпанға дейін жалғасады. Сауал жолдарда жоғарыдағы тақырыптардан ауытқымауларыңызды сұраймыз.

Сұрақ қою үшін мына сілтемеге өтіңіз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: