Таксиге банк төлейді - "Хоум Кредит Банкі" клиенттеріне күтпеген сыйлық
Әйелдер мерекесі – 8 наурыз қарсаңында "Хоум Кредит Банкі" онлайн-такси "Яндекс.Такси" қызметімен бірлесіп, өзінің нәзік жанды клиенттеріне 7 – 9 наурыз аралығында такси шақыртқаны үшін 100% кешбэк сыйлайды, деп хабарлайды zakon.kz.
Акцияның талабы қарапайым – "Home Card" дебеттік карточкасын немесе "ДОС" кредиттік карточкасын ашқан әрбір әйел "Яндекс.Таксиден" "100 % кешбэк" акциясына автоматты түрде қатысады.
Біз 8 наурыз мерекесіне осындай сыйлық жасай отырып, өз клиенттерімізді банк атынан қуантқымыз келді. Таксиге төленген бар ақша карта иесінің бонустық шотына қайтып келеді, оны ақшалай алып, әйелдер өз қажетіне жарата алады, - деп атап өтті "Хоум Кредит Банкі" маркетингтік байланыс басқармасының бастығы Айдарбаева Лилия.
Акция кезінде такси ақылары үшін кешбэктің максималды сомасы 15 000 теңгеге дейін жете алады. Кешбэк шоттан ақы алынғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде түсе бастайды.
Карталар мынадай басымдықтарға ие:
· картаны шығару тегін;
· Home Card бойынша тегін қызмет;
· ҚР кез-келген картаға тегін ақша аудару;
· жоғары кешбэк;
· жинақталған бонустарды нақты ақшаға конвертациялау мүмкіндігі;
· қолма-қол ақшаны комиссиясыз алу және тағы көптеген басымдықтар. Сізге қай карта ыңғайлырақ болатынын мына сілтемелер арқылы біліңіз: "Home Card", "ДОС".
Акцияға "Хоум Кредит Банкі" карталарын жаңадан ашқандар да, бұрыннан ұстап жүрген әйелдер де қатыса алады.