Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: блок-бекеттердің жүйелі жұмысының арқасында індет жұқтыруы мүмкін азаматтар табылды

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2020 18:25 Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алдағы уақытта облыс тұрғындарын сақтық шараларын күшейтіп, салғырттық танытпауға шақырамыз.

COVID-19 коронавирусы пандемиясының алдын алу мақсатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кешенді қауіпсіздік шараларын қабылдады.

Солардың бірі ретінде 18-наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтарындағы «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде короновирус дертіне байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін блок-бекеттер қойылды. Бұл бекеттерде полиция және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2020 18:25

Аталған блок-бекеттердің жүйелі жұмысының арқасында Шымкент-Нұр-Сұлтан бағытындағы kz 646 FNB 13 регион нөмірлі автобустағы коронавирус жұқтырған азаматпен бірге келген 56 адамның нақты дерегі анықталып отыр. Көліктегі жолаушылар туралы толық ақпаратты Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Шақпақ бекетінің қызметкерлері 20 наурыз күні жазып алған. Қазіргі кезде аталған азаматтар оқшаулануға алынды.

Алдағы уақытта облыс тұрғындарын сақтық шараларын күшейтіп, салғырттық танытпауға шақырамыз. Жалпы, наурыз айының 18 жұлдызынан бастап сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне 35 блок- бекет қойылған болатын.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2020 18:25

Оның ішінде 31-і елдімекендерде, ал 4-і теміржол вокзалы мен станцияларда орналасқан. Аталған бекеттерде бүгінде 37 медициналық, полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Қазіргі таңда блок-бекеттердегі полиция мен медицина қызметкерлері жұмыс күшейтілген режимге көшкен. Қауіпті індетке қарсы мамандар әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғының көмегімен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2020 18:25, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2020 18:25

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: