Жаңалықтар тізбегі
0

Қордайдағы құрылыс жұмыстары

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 19:28 пресс-служба
2020 жылы жалпы 337 шқ жолдары жөндеуге 6,6 млрд теңге қарастырылды.

Ағымдағы жылы Қордай ауданының 387 нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстарына 20,5 млрд теңге қарастырылып, бүгінде 46 жобаның мердігері анықталып, құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі күнге 930 орынға арналған 3 мектептің құрылысы, 50 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің, Қордай және Қасық ауылдық округтеріндегі жаңа массивтерінің инженерлік инфрақұрылымын нығайту жұмыстары, ұзындығы 40 шақырым болатын 4 ауыларалық жолдардың орташа жөндеу жұмыстары, Кенен ауылдындағы ауыз су жүйесі, 5 білім беру нысандарының қазандығын қатты отыннан табиғи газға көшіру, Сарыбұлақ ауылындағы мәдениет үйіне қазандық салу, 3 орта мектепке күрделі жөндеу, 3 ауыларалық жолдар мен Қордай ауылындағы 21 көшенің орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ, 2019 жылдан өтпелі "Ауқатты-Бәйтерек 7,4 шқ" аудандық автожолдың құрылысы жалғасуда.
Сонымен қатар, Қаракемер ауылында 20 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Алдағы уақытта бұл тұрғын үйге ауылға келетін жас мамандар қызметтік негізде және үй кезегінде тұрған азаматтарға берілетін болады. Осы ауылдың тумасы Қ.Молдасейітовтың демеушілігімен 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 19:28

Сонымен қатар, биыл 5 қабатты 60 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы, 3 ауылға спорт кешенінің, 6 ауылдың ауыз су құбырлары қайда жаңғыртудан өтеді (реконструкция), 7 жаңа массивтің инженерлік инрақұырылым нығайту, Әлжан ана және Қордай ауылдарындағы 24 көшенің жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 19:28

2020 жылы жалпы 337 шқ жолдары жөндеуге 6,6 млрд. теңге қарастырылды. Сонымен қатар, аудандағы жол жөндеу жұмыстарына "Ауыл - ел бесігі", "Жұмыспен қамту жол картасы" және Үкімет резерві есебінен 18 елді мекенге 5,2 млрд.теңге бөлініп, 289,6 шақырым жол орташа жөндеуден өтетін болады. Аудан бойынша 268 көше орташа жөндеуден өтеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 19:28

Нәтижесінде, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық жағдайы жақсарып, жақсы және қанағаттанарлық үлесі 90,0 пайызға, ал елді мекен ішіндегі көшелер 70 пайызға жетеді.

Айта кетерлігі, "Ауыл-ел бесігі" жобасы аясында аудан орталығы Қордай ауылындағы 21 көше жөндеуден өтеді, осылайша ауыл ішіндегі көшелер 100 процент асфальт жабындымен жабылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2020 19:28

Қордай ауданы "Колхоз" аумағы бойынша 6 (Қарасу, Өтеген, Масанчи, Сортөбе, Ауқатты, Бұлар батыр) ауылдық елді мекен арқылы өтетін жолдарға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 111 дана жол белгілері жаңартылды (облыстық – 60, аудандық - 51).

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: