Нұр-Сұлтан қаласында екі жасар бала коронавирустан жазылып шықты
astana.gov.kz
Инфекциядан сауыққан жүкті әйел 17 сәуірде босанып, дүниеге қыз әкелді.
21 сәуірдегі деректерге сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында 3-4 сәуірден бастап стационарлық емделуде болған он жеті пациент коронавирустан сауыққан. Барлық емделушілер КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды.
Емделіп шыққан азаматтар екі апта үй карантинінде болады.
Қазақстан бойынша коронавирус індетінен сауығып шыққандардың саны - 476 болса, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 205 адам. 21 сәуірде жазылып шыққандардың қатарында екі бала бар. Олар 2015 жылғы ер бала мен 2018 жылғы қыз бала.
Инфекциядан сауыққан жүкті әйел 17 сәуірде босанып, дүниеге қыз әкелді. Сәбидің сараптама нәтижесі - теріс. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусты жұқтырудың 390 жағдайы тіркелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript