Жаңалықтар тізбегі
0

"Сырдария" Несие серіктестігі фермерлерді қаржыландыруын жалғастыруда

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2020 16:00 пресс-служба
Несие серіктестігі соңғы 3 жылда жалпы сомасы 2 368 млн теңгені құрайтын 225 жобаны қаржыландырды, оның ішінде 500 млн. тенге егіс шаруашылығына айналым қаражатын толықтыруға жолданса, 145,3 млн теңге фермерлерге Ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға бағытталған.

"Сырдария-1" Несие серіктестігі ұжымы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның (әрі қарай - Корпорация) қаржылай қолдауымен Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы фермерлерін көктемгі егіс егу жұмыстарын жүргізуге қаржыландыруды елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне қарамастан жалғастыруда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2020 16:00

"Сырдария-1" Несие серіктестігі 2004 жылы аймақта орналасқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (әрі қарай - АШТӨ) мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несие қаражатына қол жеткізу мақсатында құрылды. Корпорацияның қаржыландыру қаражаты есебінен жыл сайынғы АШТӨ-ді қаржыландыру көлемі шамамен 1 миллиард теңгені құрайды. Ағымдағы күнге Несие серіктестік құрамына 296 АШТӨ-лері тіркелген және несие портфелі 2 млрд 3 жүз миллион теңгені құрап отыр. Несие серіктестік қызметкерлерінің сапалы әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде әрбір өтініш беруші, дер кезінде қаржылық қолдауға ие болып отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2020 16:00

Несие серіктестігі соңғы 3 жылда жалпы сомасы 2 368 млн теңгені құрайтын 225 жобаны қаржыландырды, оның ішінде 500 млн. тенге егіс шаруашылығына айналым қаражатын толықтыруға жолданса, 145,3 млн теңге фермерлерге Ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға бағытталған.

Сонымен қатар, Несие серіктестігі көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға қатысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру мақсатында 1 жылдан аспайтын мерзімге, субсидиялауды ескере отырып, жылдық 6%-ға дейін сыйақы мөлшерлемесімен "Қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыруға фермерлерді қаржыландырады. Аталмыш бағдарлама шеңберінде бүгінгі таңда жалпы сомасы 235 млн.теңгені құрайтын өтінімдер қабылданып, қаржыландыру үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2020 16:00

Мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында және мемлекеттік бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несие беруге қол жеткізу арқылы аймақтың АӨК-нің тұрақты экономикалық өсіп-өркендеуіне жәрдемдесуді мақсат еткен "Сырдария-1" Несиелік серіктестігі ұжымы Корпорацияның басқа да бағдарламалары аясында АШТӨ-рің ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу, мал сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу, айналым қаражатын толықтыру сияқты бірнеше басым бағыттарды төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыру жене берілген несие қаражатының пайыздық мөлшерлемелерін субсидияландыру арқылы аймақтың экономикалық дамуына орасан зор үлесін қосуда.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2020 16:00

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: