Жаңалықтар тізбегі
0

Кордай ауданында жұмыспен қамтудың мобильді орталығы ашылды

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2020 17:48 пресс-служба
Нәтижесінде 100-ден астам азаматтың ішінен "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша құрылыс жұмыстарына 35 азамат, ақылы қоғамдық жұмыстарға 20 азамат тартылды.

Бүгін Қордай ауданында жылжымалы мобильді халықты жұмыспен қамту орталығы аудан тұрғындарына қызмет көрсетті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2020 17:48

Қордай ауылының жұмыссыз азаматтарының, жұмыс іздеушілердің, жалпы ауыл тұрғындары арасында. Жұмыспен қамтудың жол картасы және "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы туралы 100-ден аса азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2020 17:48, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2020 17:48

Нәтижесінде 100-ден астам азаматтың ішінен "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша құрылыс жұмыстарына 35 азамат, ақылы қоғамдық жұмыстарға 20 азамат тартылды. 15 азамат жұмыс берушіге сұхбаттасуға жолданды, сонымен қатар 30 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант және шағын несие бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2020 17:48

Айта кетсек, Жамбыл облысында биыл 700-ге жуық инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады. Бұл бағытта "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 70 миллиардтан астам қаржы қарастырылып отыр. Әсіресе, әлеуметтік-мәдени, тұрғын-үй, инженерлік-көлік инфрақұрылымы және елді мекендерді абаттандыруға ерекше басымдық берілмек.

Аймақта биылға жоспарланған жобалардың 171-і Қордай ауданында жүзеге асырылады. Оған 12 миллиард теңге бағытталып отыр. Мамандардың айтуынша, мұндай көлемде қаражат ауданға бұрын соңды бөлінбеген. Қазір 980 орынға арналған үш мектептің құрылысы басталып, ауызсу және газ желісін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Ал Қаракемер ауылында 20 пәтерлі үй салынуда. Бұл баспана бірінші кезекте жас мамандарға берілмек. Ауыл ішіндегі жолдар да жөнделіп жатыр.

Жалпы Жамбыл облысында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында 690 жоба іске асырылады. 20 мың жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр.

Алайда "Еңбек" бағдарламасы бойынша шағын несиелер мен гранттар алуға ұсынылған жобалар әлі де аз. Жаңа жұмыс орындары баяу қарқынмен құрылуда, тұрғындар арасында түрлі мемлекеттік бағдарламалардың артықшылығы туралы түсіндіру жұмыстары әлсіз жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: