Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте алты айда 34,2 млрд теңгенің құрылыс өнімдері өндірілді

building-ooo.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2020 21:31 building-ooo.ru
Қаланың жалпы өнеркәсібінде өндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2%-ды құрады.

Шымкент қаласында құрылыс материалдарын шығаратын 215 ірі, орта және шағын кәсіпорындар бар.

Осы жылдың 6 айында олармен 34,2 млрд. теңгенің құрылыс материалдары өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 4,5 пайызға артқан.

Қаланың жалпы өнеркәсібінде өндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2%-ды құрады. Ал құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту мақсатында қалада 2020-2021 жылдар аралығында 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобалардың құны 2,9 млрд.теңгені құрап отыр.

Атап айтқанда, келер жылы үш темірбетон өндірісі мен шыныпластиктер, газоблок, асфальтбетон, жолаяқ тақталарының өндірісі және полипропилен, поливинилхлорид, термоэластопласт бұйымдарының өндірісі, әрлеу материалдары мен құрғақ құрылыс қоспалары сынды жобалар іске қосылады.

Айта кетейңк, бүгінгі таңда Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан құрылыстағы отандық өнім үлесі 98 пайызды құрап отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: