Жаңалықтар тізбегі
0

"Маған арналған үкімет" – ХҚО қызметкерлері келушілерді таң қалдырып жатыр

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 22:34 пресс-служба
Адамдардың көбі алғашқы жеке куәлігін, жүргізуші куәлігін алған кездерін ешқашан ұмытпайды.

Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтары қызмет алушылардың өміріндегі маңызды оқиғаларының куәсі екені жасырын емес.

Онда күн сайын Қазақстан Республикасының азаматы өз төлқұжатын алып, алғашқы жүргізуші куәлігін рәсімдеп, жаңа туған сәбиінің куәлігіне өтініш беріп жатады. Осындай сәттегі қуанышты бөлісіп, жан жылуын сыйлау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" жұмыстарына жаңа үрдіс енгізгенге ұқсайды. Өміріндегі маңызды жайттармен байланысты құжаттарын рәсімдеуге келген әр тұрғын бұл жерден көтеріңкі көңіл күймен шығып, сый-сияпаттарға ие болып жатыр.

Алматы қаласындағы Алатау аудандық ХҚО бөліміне егіз балаларына жәрдемақы рәсімдеуге келген Арайлым, бұрын мұндай құттықтаулардың болмағанын айтады.

"Балаларымыздың бір жасқа дейінгі күтіміне арналған жәрдемақыға өтініш бердік. Енді ғана "Күміс алқаға" үмітті ана болсам да, бұрын бұлай ілтипат көрсетілмейтін".

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 22:34

Түркістан облысының тағы бір тұрғыны Қымбат Дүйсенбай баласымен бірге шетелге шығуға рұқсат беретін паспорттарын алып кетуге келіп, құттықтауларға ие болғанына риза.

"Балам екеумізге паспорт табыстап, саяхатыңыз көп болсын деген тілекпен глобус пен еліміздің туын сыйлады. Кішігірім сияпатқа ие болсақ та, жылы лебіздер жанымызды жадыратты",– дейді ол.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2020 22:34

Азаматтарға арналған үкіметтегілер "Бақытты клиент" тұжырымдамасын қолға алып, әр келушіге сапалы қызмет қана көрсетіп қоймай, осылайша қызмет алушының көңілін де аулауға тырысатынын айтады.

Адамдардың көбі алғашқы жеке куәлігін, жүргізуші куәлігін алған кездерін ешқашан ұмытпайды. Дәл осы сәттер жағымды естелік болып қалу үшін біз зейнетақы рәсімдеуге, баласының туу куәлігін алуға, 16-ға толып алғашқы ересек құжатын алуға келгендерді ерекше құттықтап, мамандарымыз орнынан тұрып, қол шапалақтайды. Қызмет алушының ризашылығы біз үшін қашанда қымбат,– дейді корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: