Ақмола және Шығыс-Қазақстан облыстары волонтерлері үшін конкурс
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жарлығымен 2020 жыл "Волонтер жылы" болып жарияланды. Волонтер жылы аясында "Birgemiz" жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында бұл жоба жеті бағыт бойынша жүзеге асырылады: "Birgemiz:Saýlyq", "Birgemiz:Taza Álem", "Birgemiz :Qamqor", "Birgemiz:Úmit", "Birgemiz:Sabaqtastyq", "Birgemiz :Asyl mura", "Birgemiz :Bilim".
Қазақстан еріктілерінің Альянсы" ЗТБ Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында "Birgemiz: Bilim" жобасының орындаушысы. "Birgemiz: Bilim" жобасының үздік волонтері" байқауына өтінімдерді қабылдау жалғасуда. Байқау мақсаты - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларын ағылшын тілін үйретуге, компьютерлік және құқықтық сауаттылық, ҰБТ-ға, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаға дайындауға өз үлестерін қосқан волонтерлерді ынталандыру.
Ол үшін қазан айының жиырмасына дейін толтырылған өтінімді avkaz_2020@mail.ru электронды поштасына "Үздік волонтер конкурсы" деп жіберіңіз. Конкурстың ережелері мен қағидалары сайтында жарияланған.
Конкурс қорытындысы бойынша әр облыста 30 жеңімпаз 40 000 теңгені құрайтын қаржылай сыйға ие болады.
Осы жылдың наурыз айынан бастап біз Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында жобаны жүзеге асыруды бастадық және сәуір айында жобаға қатысқысы келетін және ауыл мектептерінің оқушыларының өсіп-дамуына, өздеріне және өз біліміне сенімді болуына көмектесуге ниет білдірген волонтерлер арасында өтініш қабылданды. Осы уақыт аралығында волонтерлар ауыл студенттеріне онлайн-кеңес жүргізді. Біз жоба қатысушылары мен олардың мұғалімдерінен осы жоба оң нәтиже беріп жатқандығы туралы кері байланыс алудамыз. Бұған ҰБТ-да жинаған ұпайлары және ЖОО-на грантқа түскен студенттер саны дәлел, - дейді екі жобаның жетекшісі Лязят Асқарова.