Өзіңнің тігін цехіңді және ательеңді бір жылда қалай ашуға болады
"Бастау бизнес" мемлекеттік бағдарламасы туралы Алтынгүл Алматы қаласы Түрксіб ауданының "Бақытты отбасы" орталығы және кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсетіп келе жатқан "Qoldaý" кәсіпкерлік орталығы арқылы білді.
Осыдан бір жыл бұрын Алтынгүлдің қолында бір тұрмыстық тігін машинасы ғана болған. Ол кәсіпкерлік негіздері бойынша тегін оқудан өтіп, өзінің бизнес-жоспарын қорғады, мемлекеттен грант ұтып алды. 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде алынған қаражатқа Алтынгүл жаңа машина мен оверлог сатып алып, жаңа жабдыққа қол жеткізді, өзіне көмекші ретінде басқа тігіншілерді шақырды, "Бақытты отбасы" орталығында көп балалы аналарға сабақ бере бастады, сол көп балалы аналардың бір бөлігін өзіне жұмысқа алды. Нәтижесінде, бір жылдың ішінде оның бизнесі бірнеше есе өсті: өзінің цехі де, ательесі де ашылды, онда 4 көп балалы ана жұмыс істейді. Жақында кәсіпкер қаланың Түрксіб ауданында көлемі 200 шаршы метр болатын жаңа ғимаратта цех ашты. Мұнда 24 тігін машинасы бар, 14 қызметкер еңбек етеді, Алтынгүл Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығы арқылы көп балалы аналар мен жастар және барлық ниет білдірушілер қатарынан 10-ға жуық тігіншіні жалдауды жоспарлап отыр.
Біз мемлекеттің осындай қолдау көрсеткеніне ризамыз, бұл қалада жаңа өндірістер ашуға, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жұмыс орындарын құруға, олардың материалдық жағдайын жақсартуға, сайып келгенде, біздің көп балалы аналарымыздың әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді, - дейді Алтынгүл Сейлханова.
Қазір цех клиенттердің тапсырыстарымен жүктелген - әзірге бұл, негізінен, бір реттік комбинезондар, халаттар, бахилалар мен бас киімдер қажет болатын қалалық ауруханалар мен медициналық орталықтар. Сондай-ақ, мұнда арнайы киім мен ұлттық киімдер де тапсырыс бойынша тігіледі. Алтынгүл өз үй-жайын сатып алуды жоспарлап отыр.