Жаңалықтар тізбегі
0

Әлеуметтік қызметтер порталында қандай жағдайда қосымша ақы төленеді

ҚР ЕХӘҚМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2020 17:09 ҚР ЕХӘҚМ
Портал арқылы қызметтер мен ТОҚ кепілдендірілген сома аясында ұсынылады.

Aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беру кезінде техникалық оңалту құралдары (бұдан әрі - ТОҚ) мен әр түрлі қызметтер мүгедектігі бар жандарға мемлекет есебінен тегін көрсетіледі.

Сонымен бірге, бағасы белгіленген мөлшерден асатын тауар түрін сатып алған жағдайда, мүгедектігі бар жандар төлем айырмашылығын өз қаражаты есебінен толықтыруы керек болады.

Портал арқылы қызметтер мен ТОҚ кепілдендірілген сома аясында ұсынылады. Оны тауарлар мен қызметтердің орташа нарықтық құны негізінде арнайы комиссия есепке алады. Есептеу минималды бағамен жүргізілмейді, яғни мүгедектігі бар жандарға төмен сападағы тауарларды арзан бағаға ұсыну арқылы үнемдеу көзделмегенін атап өткен жөн. Мемлекеттік қаражат есебінен көрсетілетін қызметтер мен ТОҚ-тың сапасы жоғары болуы шарт, - деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2020 17:09

pixabay.com

Сонымен бірге, Әлеуметтік қызметтер порталында тауарлар мен қызметтердің сан-алуан түрін таңдауға болады. Мысалы, егер пайдаланушы белгілі бір фирма шығарған, бағасы мемлекет кепілдік берген мөлшерден асып кететін ТОҚ-ты таңдаса, ол баға айырмашылығын төлеп, өзіне ұнаған өнімді ала алады.

Әлеуметтік қызметтер порталы - бұл мүгедектігі бар жандарға оңалтудың техникалық құралдарын және әлеуметтік қызметтерді өздігінен сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе. Ол ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап іске қосылды. Порталды әзірлеу кезінде танымал онлайн-сервистердің тәжірибесі зерттелді.

Бүгінгі күні Порталдың тізіліміне 772 жеткізуші тіркелген. Сіз сурдоаудармашы маманын немесе жеке көмекшіні (Мамандар тізілімі), ТОҚ, медициналық-әлеуметтік мекемені (МӘМ тізілімі) немесе шипажайды (Жеткізушілер тізілімі) таңдай аласыз. Сонымен қатар мамандандырылған үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын арнайы әлеуметтік қызметтерді алуға болады.

Қазіргі таңда Портал арқылы ТОҚ-тың 55 түрінің 25-і ұсынылады. Бұл тізімде әзірге жеке таңдауды қажет етпейтін құралдар. Соңғы мәліметтерге сәйкес, республика бойынша интернет-тұғырнама арқылы 20 мыңнан астам тауар берілген.

Портал жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша байланыс орталығының 1411 нөміріне хабарласуға болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: