Moody’s Kaspi Bank-тің рейтингін көтерді және болжамды "тұрақтыдан" "позитивтіге" өзгертті
Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Kaspi Bank-тің ұзақмерзімді депозиттік рейтингі мен жалпы болжамды "тұрақтыдан" "позитивтіге" жоғарылатты. Moody’s сондай-ақ депозиттердің ұзақмерзімді рейтингін ұлттық өлшем бойынша A2.kz -ден A1.kz-ге көтерді.
Kaspi.kz-тің басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе бұл туралы былай деді:
"Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің болжамды "позитивтіге" және ұлттық өлшем бойынша депозиттер рейтингін өзгерту туралы шешімі Kaspi-дің жоғары деңгейдегі тұрақтылығын тағы да растады. Біздің табысымыздың негізінде қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған Kaspi.kz суперқосымшасы тұр. Мобильді қосымшамыздың көмегімен біз сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміз үшін инновациялық онлайн қызметтерді дамытып, сол арқылы Қазақстанның цифрлы трансформациясын жеделдетудеміз".
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Біздің инновациямыздың негізінде өз саласындағы жалғыз және елдегі ең танымал, 8 миллионнан астам қазақстандық қолданатын мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр. Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының көмегімен біздің клиенттеріміз төлем және аударым жасап, жеке қаражаттарын басқарады және жеткізу қызметімен тиімді онлайн зат сатып алады. Kaspi.kz-тің 10 000 қызметкерінің әрқайсысы күн сайын біздің сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартып, инновацияларымызбен таңқалдыру үшін бар күшін салады.