Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жаңа ХҚО ашылды

Акимат Алматинской области, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2020 23:53 Акимат Алматинской области
Жаңа техника және жиһаздармен жабдықталған орталықтың операциялық залында 12 маман қызмет етеді, ал дайын құжаттарды беру секторында 10 жұмыс орны бар.

Осыдан екі жыл бұрын қайта құрылған Райымбек ауданында тұрғындар мемлекеттік қызметтерді шағын сектордан алуға мәжбүр болған еді.

Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен Алматы облысының әкімдігі халыққа қолайлы жағдай жасау үшін аудан орталығы Нарынқолда толыққанды ХҚО ашты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2020 23:53

Бұған дейін Райымбек ауданындағы мемлекеттік қызмет көрсету секторының мамандары 395 шаршы метрді құрайтын жалдамалы нысанда жұмыс істеген еді. Енді олар қажетті деңгейде жабдықталған, аумағы 1087 шаршы метр зәулім ғимаратта қызмет көрсететін болады.

Бұл жерде қызмет алушылар үшін барлық жағдай жасалып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар мен шақырту түймелері қарастырылған. Халықтың игілігі үшін осындай су жаңа ғимарат салуға мұрындық болған Алматы облысының әкімдігіне ризашылығымызды білдіреміз, - деді "Азаматтарға арналған үкіметтің" Алматы облыстық филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.

Ашылу салтанатына қатысқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың айтуынша, 40 мыңнан астам халқы бар аудан үшін заманға сай жасақталған Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу қажеттілігі бұрыннан туындаған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2020 23:53

2018 жылы облысымыздағы бір аудан Райымбек және Кеген аудандары болып екіге бөлінді. Нәтижесінде аудан орталығы мәртебесіне ие болған Нарынқол жаңа серпінмен дамып, гүлденіп келеді. Соның бір көрінісі – халық игілігіне арналған осындай жаңа орталықтың ашылуы, - деді ол.

Жаңа техника және жиһаздармен жабдықталған орталықтың операциялық залында 12 маман қызмет етеді, ал дайын құжаттарды беру секторында 10 жұмыс орны бар. Зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеңілдік терезесі де ұйымдастырылған.

Сондай-ақ зәулім ғимаратта мемлекеттік корпорацияның фронт-офис мамандары ғана емес, жылжымайтын мүліктің техникалық сипаттамасы мен жер кадастрын, зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептейтін бэк-офис бөлімдері де орналастырылған. Орталық ауласында қызмет алушыларға арналған автотұрақ та бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: