Жаңалықтар тізбегі
0

"Birgemiz: Úmit" жобасының шағын гранттарының қалай игеріліп жатқаны туралы

"Birgemiz: Úmit" , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 20:58 "Birgemiz: Úmit" 
Грант алушылар қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асырды.

Апаттардың алдын алу және олардың салдарын азайту үшін не істеуге болады? Төтенше жағдайлар кез-келген аймақта кез-келген уақытта туындауы мүмкін. Апат белгілі бір қоғамдастықтың өмірлік белсенділігін елеулі түрде бұзуы мүмкін және онда тұратын адамдар зәру болады.

Болашақта тәуекелдерді азайту үшін, адами және материалдық шығындарды азайту үшін төтенше жағдайлар тәуекелдерін басқаруды күшейту арқылы шағын гранттар бөлінді, олар волонтерлар мен бастамашыл топтарға өз идеяларын жүзеге асыруға көмектесеті.

Жоғалған адамдарды іздеуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және апаттардың қауіп-қатерін азайтуға, жобаларға волонтерлерді тартуға бағытталған "Birgemiz: Úmit" жалпыұлттық жобасы шеңберінде 300 000 теңге көлеміндегі шағын гранттар 68 жеңіпазға берілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 20:58

Грант алушылар қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асырды. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында еріктілер 15 мұқтаж отбасыға розеткалардың ақауларын жоюға көмектесті. Қызылорда облысының Жалағаш ауданында еріктілер 75 оқушыға өрт қауіпсіздігі тақырыбында оқыту жүргізді. Павлодарда табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың алдын алу мақсатында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту өтті. Алматы және Қызылорда облыстарында түтіндіктерді тазалауға мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Барлық жобалар азаматтарды волонтерлік қызмет практикасына тарту үшін тиімді тетіктер мен қолайлы жағдайлар жасау арқылы волонтерлікті жүйелі дамытуға бағытталған.

Жоғалған адамдарды іздеуге, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою және апаттардың қауіп-қатерін азайтуға, жобаларға волонтерлерді тартуға бағытталған "Birgemiz: Úmit" жалпыұлттық жобасы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асырылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2020 20:58

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: