Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға zakon.kz сайтында интернет-алаң ұсыну шарттары
"ЮрИнфо" компаниясы" ЖШС-інің www.zakon.kz сайтында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға интернет-алаңын ұсыну жалпы шарттары
"ЮрИнфо компаниясы" ЖШС – интернет-басылым ретінде тіркелген www.zakon.kz сайтының иесі (бұдан әрі - Сайт) Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 21 қазандағы №439 "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, тіркелген кандидаттарға хабарлайды:
● 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезекті сайлауына қатысатын партиялық тізімдер бойынша кандидаттар;
● 2021 жылдың 11 қаңтарына белгіленген кезекті сайлауға қатысатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар, төлем мөлшері, сайтта сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт-насихат материалдары) орналастыру шарттары мен тәртібі туралы.
Сайлауалдын үгіт жұмыстары депутаттыққа кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталған сәттен басталады және сайлау күні алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат нөлде аяқталады, осылайша сайтта үгіт материалдарын орналастыру:
● партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар үшін 2020 жылғы 26 желтоқсанда сағат 18.00-ден (Нұр-Сұлтан уақытымен) кейін 2021 жылғы 9 қаңтарда сағат 00.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша);
● Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар үшін 2020 жылғы 26 желтоқсанда сағат 18.00-ден (Нұр-Сұлтан уақытымен) кейін 2021 жылғы 10 қаңтарда сағат 00.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).
Сайт жазбаша өтініш пен Сайт иесі мен Кандидат немесе саяси партияның уәкілетті өкілімен жасалған келісім негізінде интернет алаңын ұсынады.
Орналастырылатын үгіт материалдарының саны мен уақыты Кандитаттың немесе саяси партияның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар келісімшартта көрсетіледі.
Өтініш кезек-кезек ретімен және әрбір жазбаша өтініштің қабылданған күнін көрсету арқылы Кандидаттар өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі.
Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қоса тіркелуі керек:
1) кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берген адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркеу туралы шешімінің көшірмесі.
Қажет болса, сайт тексеру үшін жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқаларын сұрай алады.
Кандидаттардың үгіт материалдарын сайтқа орналастыру кезегі жазбаша өтініштердің қабылданған кезегі бойынша немесе өтінімдер бір уақытта қабылданған жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Орналастырылған материалдар сайттың Desktop-нұсқасында, мобильді нұсқада және сайттың мобильді қосымшасында қолжетімді болады.
Үгіт материалдары "Қазақстан Республикасының 2021 жылғы Парламент сайлауы" деген жазбаша белгімен орналастырылады. Барлық үгіт материалдары қаржыландыру көзі және материалды ұсынған адамның аты-жөні туралы ақпаратпен қоса беріледі.
Үгіт-насихат материалдары сайтқа орналастыру күнінен 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын кешіктірілмей, HTML5, GIF, JPEG, PNG, Microsoft World форматында ұсынылады.
Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін жеке жауапкершілік алады.
Егер материалда конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және кландық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа шақыру, заңдарда қарастырылмаған әскери құрылымдар құру идеялары болса, сондай-ақ, материалда басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер болса, Сайт иесі үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Кандидат Сайт иесінің талабы бойынша материалдарда көрсетілген сипаттағы мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-сайтты ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес реттелуі мүмкін.
Материалдарды орналастыру құны:
*1. Баннер А1 десктоп, 1000х90 рх – 640 теңге 1000 көрсетілім үшін, ҚҚС-ті санамағанда;
*2. Баннер А2 десктоп 300х250рх + мобильді нұсқада 300х250рх – 1 000 теңге 1000 көрсетілім үшін, ҚҚС-ті санамағанда;
*3. Баннер А3 десктоп 728х90px – 88 000 теңге бір тәулік үшін, ҚҚС-ті санамағанда;
*4. Баннер MP2 мобильді қосымшада 300x250px – 96 000 теңге бір тәулік үшін, ҚҚС-ті санамағанда;
*6. Бір әлеуметтік желідегі пост (Facebook немесе Instagram) – 20 000 теңге, бір пост үшін, ҚҚС-ті санамағанда;
*7. Telegram каналдағы пост – 500 000 теңге, бір пост үшін, ҚҚС-ті қоспағанда.
*8. Басты жаңалықтар бөлімінде (бос орынды (пробел) қоса санағанда 1800 белгіден аспайтын және 5 фотомен) ақпараттық хабарлама жариялау – 360 000 теңге, ҚҚС-сіз;
*9. Соңғы жаңалықтар бөлімінде (бос орынды (пробел) қоса санағанда 1800 белгіден аспайтын және 5 фотомен) ақпараттық хабарлама жариялау – 136 800 теңге, ҚҚС-сіз;
* Жариялау құны ҚҚС-сіз есептеледі, өйткені "Компания "ЮрИнфо" компаниясы" ЖШС Салық кодексінің нормалары бойышна ҚҚС төлеуші болып табылмайды.
Жариялауға қабылданатын материалдарға қойылатын техникалық талаптар:
Контентке қойылатын талап:
* Орналастыруға HTML5, GIF, JPEG, PNG форматындағы дайын баннерлер қабылданады;
* Көлемі таңдалған сурет форматына сай келуі тиіс;
* Баннерде бірнеше хабарлама болмауы, бір сурет көп рет қайталанбауы тиіс;
* Баннердегі сурет сапалы, ондағы жазу түсінікті болуы тиіс;
* Анимациялардың ұзақтығы 30 секундтан аспауы тиіс;
* Анимация қайталап көрсетілуі тиіс, бірақ ұзақтығы 30 секундтан аспауы керек;
* Хабарландыруда көзді шаршататын жарқылдайтын әдістер пайдалануға тыйым салынады;
* Өздігінен pop-up ашатын, парақша адресін өзгертетін зиянкес скрипттерді пайдалануға тыйым салынады;
* Операциялық жүйенің элементтері бар баннерлерге тыйым салынады;
* Орнықтырылған парақшаға сілтеме ұсыну міндетті.
HTML5 техникалық талаптары:
1. HTML-файлдың көлемі 65 000 байттан аспауы тиіс.
2. JavaScript және CSS баннердің HTML-кодының ішінде орналастырылғаны жөн. Егер HTML-код көлемі асып кетсе, JavaScript пен CSS-ті жеке файлдарға шығару қажет:
2.1. JS және CSS-кодтарды .js немесе .css форматында жеке файл ретінде сақтаңыз.
2.2. Файлдардың салмағы 300 КБ-тан аспауы тиіс.
2.3. Файлдарды жеке қаттамаға жүктеп, оның сілтемесін HTML-кодқа қосыңыз.
JS және CSS-файлдарды қосу мысалы:
script type="text/javascript" src="ФАЙЛҒА СІЛТЕМЕ">/script> link rel="stylesheet" type="text/css" href="ФАЙЛҒА СІЛТЕМЕ" />
Ескерту. HTML кодында салыстырмалы файл жолдарына жол берілмейді.
3. Жобада.html форматындағы бір файл ғана бола алады.
4. Жобадағы файлдар саны 50 ден аспауы тиіс.
5. Жобада рұқсат етілген файл түрлері: CSS, JS, HTML, GIF, PNG, JPG, JPEG, SVG, JSON, FLV, MP4, OGV, OGG, WEBM, AVI, SWF.
6. Әр файлдың көлемі 300 КБ аспауы тиіс, видеофайлдар 1 МБ аспауы тиіс.
7. Файл атауы тек сандардан немесе ағылшын әріптерінен, төменгі сызық белгісінен тұруы тиісов. Орыс әріптеріне, тырнақша, арнайы символдарға жол берілмейді.
8. Айнымалылар мен объектілердің атауында орыс әріптерін қолдануға болмайды. Орыс әріптеріне тек баннердегі мәтінде рұқсат беріледі.
9. Дайын жобаның форматы — ZIP-архив.
Баннерді басуды санау.
Баннердегі ADFOX-те басу статистикасы саналу үшін HTML кодында тег пен href атрибуты үшін айнымалыны орнату керек:
%banner.reference_user1%
Сонымен қатар сілтемелер үшін төлсипат мәнінде % banner.target% айнымалысы бар мақсатты төлсипатты қолданыңыз. Егер атрибут жоқ болса, сілтеме iframe ішінде ашылады, яғни жарнамаланған сайт баннер кеңістігінде ашылады. Баннердің басылуын санауға арналған HTML кодының мысалы:
<a href="%banner.reference_user1%" target="%banner.target%">Жарнама берушінің сайты </a>
Ескерту. HTML App Mobile шаблондары
Ұялы қосымшаларда орналастырылатын баннерлердің HTML кодында басу санын санау үшін макросты пайдаланыңыз:
%reference%@%banner.user2%
GIF, JPEG, PNG баннерлеріне қойылатын техникалық талаптар:
1. Баннер көлемі 250 Кб аспауы тиіс;
2. Анимациялық GIF-баннер секундына 5 кадр жылдамдықтан аспай жүруі тиіс.
Әлеуметтік желілердегі посттарға қойылатын техникалық талаптар:
Сурет форматы: JPEG, PNG
1. Facebook, VK, Instagram желілеріндегі пост көлемі – 200-ден 2500 әріпке дейін, пробелін санағанда.
2. Суреттердің рұқсатты көлемі 1080х1080рх немесе 1024х512рх
3. Facebook, VK-да белсенді сілтеме беруге болады
4. Instagram-да сілтеме белсенді емес
Видеоеның форматы: MP4, MOV
1. Видеоның сапасы – 1280х720рх
2. Видеоның көлемі – 2 ГБ дейін
3. Facebook, VK-дағы видеоның ұзақтығы – 2 минутқа дейін
4. Instagram-дағы видеоның ұзақтығы – 1 минутқа дейін
5. Авторлық құқығынсыз музыканы пайдалану міндетті
Telegram-дағы посттарға қойылатын талаптар:
Сурет форматы: JPEG, PNG
1. Пост көлемі 1 024 әріпке дейін
2. Суреттің көлемі – кемінде 1280рх
3. Сипаттамаға хештег, сыртқы сілтеме немесе Telegram канал мен қолданушы атауын беруге болады.
Видео форматы: MP4, MOV, GIF
4. Видео көлемі – 50 Мб дейін
PR материалдарға қойылатын техникалық талаптар:
*Барлық үгіт материалдары Zakon.kz порталында жаңалықтарды жариялауға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі керек
* Материалдағы тақырып пен аннотация Zakon.kz порталындағы жарияланымдардың форматына сәйкес келуі керек;
* Тақырып бос орындары бар 90 таңбадан аспауы керек;
* Аннотация бос орындары бар 200 таңбадан аспауы керек;
* Материалдарға кем дегенде бір сурет қоса берілуі керек (көлденең сурет 1280x720px),
* Бір мақалаға ең көп фотосуреттер саны – 5 фотосурет;
* Кескін сапасы төмен файлдарға рұқсат етілмейді;
* Материалмен мазмұны ұқсас байланысын ескере отырып, 5-ке дейін сілтеме орналастыруға рұқсат етілген;
Сайтта үгіт материалдарын орналастыру туралы жасалған келісім бойынша Сайт иесіне төлем шот-фактура жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлеуге берген шот-фактура негізінде жүзеге асырылады.
Жазбаша өтінімдерді сайт иесі 2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Рысқұлов даңғылы, 43Б мекен-жайы бойынша таңғы 10:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.
Факс және интернет арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.