Жаңалықтар тізбегі
0

ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы қайта жанданды

Госкорпорация "Правительство для граждан", сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2020 18:37 Госкорпорация "Правительство для граждан"
Бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 137 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы іске қосылды.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін жұмысын бастаған қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарында коронавирус пандемиясына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы шектелген болатын.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасымен бұл аймақтардың жұмысы 30 қарашадан бастап қайта жанданды.

Бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 137 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы іске қосылды. Онда азаматтарға кеңес беру үшін мыңнан астам қызметкер тартылды. Келушілер ондағы компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше ала алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы ең көп алынатын қызметтерге ЭЦҚ рәсімдеу, соттылықтың болуы/болмауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде болмау туралы анықтамалар алу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және емханаға тіркелу кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, карантин уақыты барысында электронды қызметтерді алу үшін қалалардағы сауда орындары, жоғары оқу орындары, қала әкімдігі сияқты азаматтар көп баратын жерлерде 700-ден астам egov бұрыштары іске қосылған болатын. Онда компьютері немесе интернет байланысы жоқ азаматтар қажетті анықтамалар мен қызметтерді рәсімдейтін. Аталған бұрыштар әлі де қызметін жалғастыратын болады.

Бұған дейін тегін алуға болатын электронды қызметтерді ақылы түрде ұсынатын мекемелердің жұмысына байланысты азаматтардың шағымы көбейген болатын. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы олардың жұмысына еш қатысы жоқтығын және анықтамаларды алу үшін бөгде азаматтарға жеке мәліметтерді ұсыну қауіпті екенін ескертеді.

Мемлекеттік корпорация қайта жанданған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өздігінен қызмет алушыларға бетперде тағып, арақашықтықты сақтау қажеттігін еске салады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: