Жаңалықтар тізбегі
0

"Алатау" ИТП АЭА-на 400 млрд теңгеден астам қосыша инвестиция тартылады

"Алатау" ИТП АЭА, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 22:34 "Алатау" ИТП АЭА
Сондай-ақ, инновациялық технологиялар паркінде шамамен 6000 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Мұның бәрі "Алатау" ИТП АЭА-да жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асырылу нәтижесінде мүмкін болады. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бастығы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.

Оның айтуынша, "Алатау" ИТП АЭА дамыту стратегиясына сәйкес, мұнда медицина және фармацевтика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру, сондай-ақ құрал жасау сияқты салаларды құру міндеті қарастырылған.

Осыған орай, парктегі фармацевтика өнеркәсібі мен медициналық индустрияда алғашқы инвесторлар медициналық көмек көлемінің кепілдендірілген құрамына кіретін дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен маңызды құрал-жабдықтар шығаратын зауыттар салу жобаларын жүзеге асыра бастады. Сондай-ақ, мұнда университеттің бірлескен ауруханасы да салынбақ.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 22:34

Бүгінгі таңда, Алатау АЭА ИТП аумағында жеке зауыттарын сала бастаған "Вива Фарм" ЖШС мен "Дольче Фарм" ЖШС-мен қоса, тағы 3 инвестор өз жобаларын іске қосу үшін құжаттар жинау үстінде.

Қалыптасқан кластер аясында ұсынылған салықтық жеңілдіктер, кедендік преференциялар, дайын инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы бар жер телімдері мен "Алатау" ИТП АЭА-ның қолайлы географиялық орналасуы нарық қатысушыларының назарынан тыс қалмады, - дейді Еркебұлан Оразалин.

Осылайша, "Альфа Мет" ЖШС фармацевтикалық өндіріс өз зауытын 2022 жылдың соңына дейін салуды жоспарлап отыр. Алдағы екі жыл ішінде мұнда "Био Евразия" ЖШС-нің заманауи дәрі-дәрмектерді әзірлеуге және өндіруге арналған биофармацевтикалық кешенінің құрылысы күтілуде. Сондай-ақ, "ADS Industries" ЖШС микро-шағын бизнеске арналған фармацевтикалық өнеркәсіптің индустриалды паркін салуды жоспарлап отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2020 22:34

Сонымен қатар, таяу жылдары "ИТП" АЭА аумағында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті жанындағы 1400 орындық біріккен университеттік аурухана салынбақ.

Өткен жылы оңтүстік астанада "Almaty Business-2025" өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске қосылғанын атап өткен жөн. Осыған сәйкес, ШОБ-ты ынталандыру мақсатында Almaty Finance және "Алматы" ШҚҰ ұйымдары, сондай-ақ бизнеске толық консультациялық қолдау көрсететін "Qolday" кәсіпкерлік орталығы құрылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: