"Отбасы Банкі" зейнетақы жинақтарын алуға өтініш беруге онлайн-платформаны іске қосады
2021 жылдың қаңтарында "Отбасы Банк" қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін өтініш бере алатын онлайн-платформаны іске қосады, деп хабарлайды zakon.kz.
Өтініш беру үшін тек жарамды ЭЦҚ болуы қажет.
Портал өте қарапайым болады. Онда сіз өзіңіздің зейнетақы жинағыңызды қандай мақсатқа жұмсағыңыз келетінін айқындап, қолданғыңыз келетін сома көлемін белгілейсіз. Бірінші мақсат - сіз өзіңізге жеке үй сатып алған кезде кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша толық есеп айырысу. Бұл сатып алу-сату шарты, үлестік қатысу, жекешелендіру, тұрғын үй-құрылыс кооперативіне үлестік қатысу, бөліп төлеу, тұрғын үйді айырбастау туралы шарттар болуы мүмкін", - деді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Екінші мақсат - баспана алу үшін ипотека рәсімдеген кезде, зейнетақы қаражатын бастапқы жарна ретінде қолдану.
Үшінші мақсат,–ипотекалық займ бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.
Төртінші мақсат - тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы баспана алу үшін ипотекалық қарыз алу.
Бесінші мақсат - қайта қаржыландыру.
Алтыншы - тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде ұсынылған сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті толық өтеу де қарастырылған.
Жетінші мақсат "Отбасы банк" төрайымының айтуынша үлкен сұранысқа ие. Бұл жағдайда клиент жеткіліктілік шегінен асатын өз жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге ақы төлеу үшін жақын туыстарының пайдасына бере алады.
Сегізінші мақсат - емделу