Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл Шымкентке 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда

пресс-служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2021 19:54 пресс-служба
Шымкентте барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өскен.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдында есеп беру кездесуінде еліміздің үшінші мегаполисінің дамуындағы басты өзгерістер туралы айтып берді.

Оның айтуынша, Шымкент қаласының бюджеті өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге жуық өсіп, қазіргі таңда 463 млрд теңгені құрады. Тиісінше инвестиция көлемі 41 пайызға өсті. Сондай-ақ, өткен жылы Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында шаһарда құны 38 млрд.теңге тұратын 22 жоба іске асты. Онда 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2021 19:54

Қазірге таңда қалада үш өндірістік аймақ жұмыс істейді. Алды осыдан он жыл бұрын ашылған. Осы аймақта 110 кәсіпорын бар. Олар 7 690 адамды жұмыспен қамтып отыр. Тек өткен жылдың өзінде бюджетке 7 млрд теңгеге жуық салық түсті. Осы аймақтарда биыл 39 млрд теңгеге 16 жоба іске асады. Қосымша 800-ден астам жұмыс орны ашылады. Алайда бұл аймақтар қазір толды, бос жер жоқ. Соны ескеріп, тағы үш аймақ ашуды көздеп отырмыз, - деп атап өтті мегаполис әкімі.

Шымкентте барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өскен. Мәселен, ауыл шаруашылық саласында былтыр құны 5 млрд. теңгеден астам қаржыға 10 жоба іске асырылды. Салада өндіріс 4,4 пайызға өсіп, 36 млрд.теңгеге жетті. Биыл 16 млрд теңгеге 32 жобаны іске асырып, 1700-ден астам жұмыс орны ашылады.

Шымкентте кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, инвестиция тартуға басымдық беріп отырмыз. Соның арқасында былтыр инвестиция көлемі 41 пайызға өсіп, 278,5 млрд.теңгеге жетті. Өсім бойынша, республикада 17-орыннан 2-орынға шықтық. Өткен жылы 2020-2025 жылдар аралығында іске асатын инвестициялық жобаның базасы әзірленді. Оған құны 1,4 трлн.теңге құрайтын 157 жоба енді. Биыл Шымкентке 330 млрд. теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланды, өсімі 26 пайызды құрамақ, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

2025 жылға дейін Шымкентте 85 мектеп ашылады, оның 33-і мемлекет есебінен, 12-сі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, 40 мектепті жеке инвесторлар есебінен салынады. Оның ішінде биыл 32 мектептің құрылысы басталады.

Сонымен бірге есеп беру кездесуі барысында Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполистегі эпидемиялық ахуалдың тұрақты екенін айта келіп, медицина саласына әкімдік тарапынан айтарлықтай көп көңіл бөлініп жатқандығын сөз етті.

Былтыр жыл бойы коронавирус індетімен күрессек, биыл да бұл күрес жалғасады. Әлем ғалымдары жыл бойы вакцина жасауға жұмылды. Қазір бірнеше вакцина тіркелді. Солардың бірі отандық qazcovid вакцинасы, көктемде жаппай өндіріске шығады. Сонымен бірге бізге ресейлік sputnik v вакцинасы келіп жатыр. Алғашқы партиясы Шымкентке 1 ақпанда келді. Сол вакцинаны өзім бастап салдырдым. Вакцина ерікті түрде салынады, мәжбүрлеу жоқ. Дегенмен вакцина салдырып, иммунитет қалыптастыруға шақырамын. Әзірге коронавирусты жеңудің жалғыз жолы осы болып отыр, - деді қала әкімі.

Былтыр Шымкент қаласының тұрғындарын кепілдендірілген медициналық қызмет көрсетуге бөлінген қаржы 88 пайызға артты. 2019 жылы шамамен 42 млрд. теңге бөлінсе, былтыр 80 млрд. теңгеге жуық бөлінді. Мұнша қаржы Шымкент қаласына ешқашан бөлінген емес. Биыл да осы деңгейде қаражат қаралады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: