Жаңалықтар тізбегі
0

Ауылдарда мемлекеттік бағдарлама аясында мәдени нысандар салынады

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 17:24 gov.kz
Сондай-ақ, Жамбыл ауданының Қаракемер ауылдық клубы мен Жалпақтөбе ауылындағы Мәдениет үйі пайдалануға берілген.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Шерхан Мұртаза атындағы "Руханият және тарихтану" орталығында өткен кеңесте мәдениет саласын дамыту мәселелері сараланды.

Басқосуда мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай саладағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Бүгінгі таңда облыс аумағында 538 мәдениет, архив мекемелері жұмыс істейді. 2020 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша Байзақ ауданының Бурыл, Жетібай, Көкбастау ауылдарында Мәдениет үйлері салынса, Меркі аудандық кітапханасы, Талас ауданындағы Қызыләуіт, Қараой ауылдық клубтар, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Байзақ ауданының мемлекеттік архиві жөндеуден өткен.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 17:24

Сондай-ақ, Жамбыл ауданының Қаракемер ауылдық клубы мен Жалпақтөбе ауылындағы Мәдениет үйі пайдалануға берілген.

Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және "Ауыл – ел бесігі" бағдарламалары аясында алты мәдени нысанның құрылысы жоспарланған.

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Мойынқұм ауданындағы Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражайда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деді Е.Жүнісбай.

Облыста 270-тен астам кітапхана бар. Қазіргі уақытта 139 ауылдық округте кітапханалар жанынан 204 цифрландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылған десек, ол жерден ауылдықтар электрондық үкімет қызметін пайдалана алады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 17:24

Ағымдағы жылы Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры 85 жылдық мерейтойын атап өтпек. Облыстық орыс драма театры Керчь қаласында өтетін "Боспор азабы" халықаралық фестивалінде бақт сынамақ. Жыл ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына және тағы да басқа мерейтойларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде архивтік құжаттарды цифрлық форматқа көшіру жүзеге асуда.

Өңір басшысы рухани құндылықтарымызды жаңғыртуда өнер мен мәдениеттің айрықша маңыздылығына назар аудартты. Ол тиісті басқармасының басшысына аудандық әкімдіктермен бірлесіп мәдени іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Демалыс күндері саябақтар, скверлер бос тұрмауы тиіс. Карантиндік шектеулерді сақтай отырып та жақсы дүниелер ұйымдастыруға болады. Бюрократиялық көзқарастардан арылыңыздар. Мәдениет – өте нәзік сала. Бұл саланың өкілдері өз ісіне жан - тәнімен берілуі қажет, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы жас ұрпақты кітапханаларға тарту, ондағы кітаптардың шаң басып тұрмауы үшін оқырмандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

Бердібек Сапарбаев саладағы кадрлар даярлау мәселесіне де арнайы көңіл бөлді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: